Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Н.АМАНБАЙ, Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: Сайлау – еркін таңдау кепілі

Н.АМАНБАЙ, Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: Сайлау – еркін таңдау кепілі

Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығы 2005 жылы қыркүйек айында Будапешт қаласында өткен Бас конференциясында жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісін кәсіби мереке ретінде атап өту жайында бастама көтергені есте. Ізін ала мұны Біріккен Ұлттар ұйымы қолдап, ақпанның алғашқы бейсенбісі «Дүниежүзілік сайлау күні» болып белгіленді. Осы уақыттан бері тұтас әлем бұл күнді елеусіз қалдырған емес. Себебі Қазақстан – аталған қауымдастыққа толыққанды мүше. Айта кету керек, Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, өзі қабылдаған ерікті және бәсекелі сайлау өткізу жөніндегі барлық міндеттемелерді ұстанып келеді.
Сайлау жүйесі саласы қызметкерлерінің меншікті мерекесі қарсаңында Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аманбаймен аз-кем сұхбаттасқан едік.
– Нұрлан ұлы, халықтың таңдауы сол елдің келешегінің кемел болуына, сайлау жүйесінің дұрыс құрылуына байланысты. Сайлау шынтуайтында халықтың сеніміне селкеу түспеуіне жұмыс жасауы тиіс...
– Иә, орынды. Бастысы, сайлау – еркін таңдау кепілі екендігін кез келген дауыс беруші түсінуі тиіс. Сайлау және сайлану құқығы 1995 жылғы қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда реттелген. Конституцияның және осы Заңның ережелеріне сәйкес, Қазақстен Республикасының Президентін, Парламенті Мәжілісінің, мәслихаттарының депутаттарын, сондай-ақ аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының, аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.
Шын мәнінде, сайлау – ашық демократияның көрінісі. Президент пәрменімен 2019 жылдан бастап аумақтық сайлау комиссияларының 2 мүшесі, ал 2023 жылдың басынан облыстық сайлау комиссияларының толық 7 мүшесі және аудандық сайлау комиссияларының 3 мүшесі кәсіби негізде тұрақты жұмыс жасауға көшті. Бұл өз кезегінде әрбір саяси науқанды өткізетін комиссия мүшелері үшін үлкен жауапкершілік жүктеді.
– Қазалы ауданы бойынша саяси науқан кезінде қанша сайлау комиссиясы, комиссия мүшесі жұмыс жасайды?
– Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы мен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы кезектен тыс 13-сессиясының №174 және №175 шешімдерімен Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мен учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамы 5 жыл мерзімге сайланып, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметке кірісті.
Сондай-ақ, сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, ауданда сайлауды ұйымдастыру және өткiзудi қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы қайтадан Қазалы ауданында жаңадан 2 облыстық және 15 аудандық бірмандатты округттік сайлау комиссиялары құрылып, ауданда барлығы 57 сайлау комиссиясында 358 мүше жұмыс жасайды.
– Аралас сайлау жүйесін енгізу өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік тудырды. Өзін-өзі ұсыну тетігінің енгізілуі де депутат, әкім болуға ынтасы бар азаматтарға үлкен жол ашқаны айқын...
– Сайлау туралы Конституциялық заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, 2023 жылы Қазақстан Республикасының Сенат, Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп, Парламенттің құзыреті күшейіп, депутаттардың рөлі артты. Мәжіліске баратын депутаттардың 70 пайызы партиялық тізіммен, 30 пайызы бірмандатты аумақтық округтер бойынша сайланды. Бұрынғыдай емес, партиялардың Парламентке өтуі үшін 5 пайыз дауыс жинауы жеткілікті болды. Нәтижесінде жаңа деңгейде жұмыс істейтін саяси партиялар құрылып, өзара бәсекелестік дамуға жетеледі. Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттарының тең жартысы ал, аудандық мәслихат депутаттары түгелімен бірмандатты аумақтық округтерден сайланды
– Сайлау үдерісіне енген тағы бір өзгешелік – әкімдерді тікелей сайлау. Осы ретте ауданда алты әкім қызметке кірісті. Саяси науқан кезінде келеңсіздіктер орын алған жоқ па?
– Иә, ауыл, қала және кент әкімдерінің сайлауынан бастау алған науқан аудан әкімдерін тікелей сайлауымен жалғасып, өткен жылы біздің облыста Сырдария және Шиелі ауданында өткізілді. Ауданымызда 6 әкім сайлауы өткізілді, атап айтқанда Әйтеке би кенті, Сарыкөл, Майдакөл, Сарбұлақ, Алға және Тасарық ауылдық округтерінің әкімдері. Өткізілген барлық деңгейдегі сайлаулар заң аясында және ашықтық қағидаты негізінде ұйымдастырылып, ешқандай тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ. Биыл, яғни 2025 жылы Қазалы ауданы бойынша Ғ.Мұратбаев және Қарашеңгел ауылдық округтерінің әкімдері сайланатын болады.
Қазіргі таңда сайлау жүйесі демократия талаптарына сәйкес жұмыс істеп жатқанын көреген көз көріп отыр. Қазақ жұрты көненің негізсіз стриативінен арылып, еліміздің жарқын болашағына апарар жол – ол әділ, ашық сайлаудан басталатынын түсінді. Науқанға қатысу – өз өміріне, елдің келешегіне бейжай қарамау екенін шындап ұғынды. Өйткені қазіргі сәтте кез келген сайлауда сайлаушылардың құқығын сақтау, дауыс беру мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беріліп отыр. Тіпіті ауыл әкімі болуға кандидаттардың өзін өзі ұсынуы сайлау жүйесінің жаңарғанын, елдің қалауына болысқанын білдіреді.
Еліміздің сайлау жүйесінде қызмет етіп жүрген әрбіріміз Қазақ жұртының лайықты өмір сүруін, төрткіл дүние жұрты алдында абыройымыздың асқақтауын мақсат-мүдде етіп алғанымыз жасырын емес. Ендеше барша қазақ жұртын, оның ішінде сайлау жүйесі саласындағы қызметкерлерді меншікті мерекесімен құттықтай отырып, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деп тілейміз.
Сұхбаттасқан,
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
01 ақпан 2025 ж. 39 0

Ұлттық қор – балаларға

31 қаңтар 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728