Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарифтердің өсіп жатқаны ұнамайды: вице-министр байланыс операторлары жайлы

Тарифтердің өсіп жатқаны ұнамайды: вице-министр байланыс операторлары жайлы


Фото: скрин видеодан
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Сенат брифингінде мобильді байланыс операторларының тариф бағаларын өсіруіне қатысты жеке пікірін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Вице-министр журналист тарапынан қойылған сұраққа бірінші ел азаматы ретінде, екінші жауапты ведомствоның басшысы ретінде жауап берді.
"Мен сізге вице-министр ретінде емес, адам ретінде жауап берейін. Тарифтердің өсіп жатқаны маған ұнамайды. Осы себепті тарифтерге қатысты кейбір наразылықтармен келісемін. Бірақ вице-министр ретінде операторлардың өзіндік себептерін де түсінемін. Сондықтан жауабым осылай екіұшты", - деді ол. 
Сондай-ақ вице-министр "елде төртінші байланыс операторы қашан пайда болады?" деген сұраққа жауап берді. Айтуынша, қазіргі уақытта аталған мәселеге қатысты нақты жоспар жоқ.

"Мен тек осындай мүмкіндік бар екенін айттым. Бірақ бүгінде нарыққа төртінші мобильді операторды шығару бойынша ешқандай жоспар жоқ. Егер қазіргі үш оператор - Kcell, Beeline және Tele2/Altel - нарықта тиімді бәсекелестік орната алса, қосымша оператор енгізудің қажеттілігі болмайды", - деп пікірін білдірді Асхат Оразбек.
Айта кетейік, 21 қаңтар үкімет брифингінде Асхат Оразбек елде төртінші оператор пайда болатыны туралы айтқан еді. Cондай-ақ Қазақстан Қатар еліне Tele-2 мобайл компанияларын сатты. 
30 қаңтар 2025 ж. 218 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930