Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Ядролық физиканы дамыту жөніндегі кеңес құрылды

Қазақстанда Ядролық физиканы дамыту жөніндегі кеңес құрылды

Фото: ҚР Үкіметі
Қазақстанда Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес құрылды. Тиісті құжатқа Премьер-Министр 27 қыркүйекте қол қойды.

Кеңес құрамына мынадай лауазымды тұлғалар кіреді:
Энергетика министрі, төраға;
Ғылым және жоғары білім министрі, төраға орынбасары;
Энергетика вице-министрі, хатшы;
Сенат депутаты;
Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Денсаулық сақтау вице-министрі;
Көлік вице-министрі;
Қаржы вице-министрі;
Сыртқы істер министрінің орынбасары;
Ұлттық экономика вице-министрі;
Цифрлық даму, инновациялар жне аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
Үкімет Аппараты әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі;
«ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК Ядролық медицина орталығының жетекшісі (келісімі бойынша);
«ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры (келісімі бойынша);
«Ядролық физика институты» РМК бас директоры (келісімі бойынша).
Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес Үкімет жанындағы консультативтік-кеңес органы саналады. Кеңестің мақсаты – ядролық физиканы (радиохимия) дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгін бағыттарын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау.
01 қазан 2024 ж. 194 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930