Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыр төгілген кеш

Жыр төгілген кеш

Kyzylorda-news.kz Кеше Қызылорда облыстық филармониясы Жыраулар үйінде «Дәуірлердің дүбірі» атты жыр кеші өтті.

Қазақ хандығының 560 жылдығы негіз болған рухани кешке арнайы Ақтөбе қаласынан қонақтар, зиялы қауым өкілдері, жергілікті жыршы-жыраулар қатысты. Кеш тізгінін «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, жыршы Марат Сүгірбай ұстады. Тағылымды кеште талғамы жоғары көрермен XV-XІХ ғасырда жыршы-жыраулар шығармашылығына арқау болған тарихи жырлармен сусындады.

Дәстүрлі өнер кешінде Асан қайғы, Доспамбет, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Махамбет, Марқасқа, Бұқар жыраулардың, Төле би, Тілеуке Құлекеұлы, Саршуаш ақындардың толғаулары тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Жырларды нақышына келтіре орындаған Сыр еліне белгілі өнер өкілдері – Әділхан Қуаңбаев, Шолпан Бимбетова, Ақмарал Ноғайбаева, Руслан Ахметов, Тоғжан Өтенова, Бисенбек Төлеубаев, Бексұлтан Орынбасаровтар болды.

Рухани кешке Талсуат оңалту орталығының ем алушылары да қатысып, жыр терапияға қанық болды.
30 қаңтар 2025 ж. 328 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930