Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫДА ЖАҢА ИППОДРОМ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

ҚАЗАЛЫДА ЖАҢА ИППОДРОМ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Аудан орталығы – Әйтеке би кентінің батыс беткейінен ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында жаңа ипподромның құрылысын бастау жұмыстары жоспарланып отыр. Бұл жоба жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен жүзеге асырылмақ.
Осыған сәйкес, бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет тиісті сала басшыларымен бірге ипподром құрылысын бастауға ниетті жеке кәсіпкерлермен кездесіп, құрылыс жобасын талқылады. Аудан әкімі ұлттық спортты дамытуға үлкен септігін тигізетін нысанды іске қосу үшін кәсіпкерлерге алдағы уақытта жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
Аудан орталығында құрылысын жүргізу жоспарланып отырған ипподром ұлттық спорт түрлері ат спорты, көкпар, теңге ілу және бәйге секілді дәстүрлі ойындарды дамытуға бағытталмақ.
Нысан аудан тұрғындары үшін ұлттық спорт жарыстары мен мәдени іс-шараларды өткізетін орталыққа айналып, жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуге және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететін болады.
28 қаңтар 2025 ж. 396 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30