Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алимент төлемеу үшін қулыққа барған әке қолға түсті

Алимент төлемеу үшін қулыққа барған әке қолға түсті

Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған қос азаматтығы бар ер адам анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі алимент төлеуден жалтарған, іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды анықтады. Іздестіру шаралары барысында ер адамның Ресей Федерациясы аумағында жүргенде тегі мен әкесінің атын өзгертіп, Ресей азаматтығы мен төлқұжатын алғаны белгілі болды.

Осылайша, ол құқық қорғау және шекара қызметтерін алдап, Қазақстан Республикасының шекарасын кедергісіз кесіп өткен. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оның қос азаматтығы бар екені дәлелденді. Сот шешімі бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 540 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, - делінген ақпаратта.

2024 жылдың 12 айында облыс полициясы қос азаматтық алудың 57 фактісін анықтады. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті осындай құқық бұзушылықтарды анықтау және "Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр.
27 қаңтар 2025 ж. 128 0

Жасыл алма

28 қаңтар 2025 ж. 145

Сыр сүлейі Ерімбет

28 қаңтар 2025 ж. 134

Асығы алшысынан түсті

28 қаңтар 2025 ж. 131

Қолөнер – өшпес мұра

28 қаңтар 2025 ж. 121

Шабандоздар шаң қаптырды

28 қаңтар 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031