Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болмыстағы баскетбол

Болмыстағы баскетбол

Фото: Кейіпкер мұрағатынан
Қазақстандағы баскетбол федерациясы 90-шы жылдардың басында ғана құрылды. Бұқаралық жағынан футбол мен бокстан кейінгі спорт түріне жатады. Алайда баскетболға қызығушылығы бар жастардың саны күннен-күнге артып, қазір дамып келеді.
Қазақ КСР-інде бас­кетбол туралы алғашқы ақпарат 1925 жылы көрсетілген. Бұл жылы баскетболдан провинциялар біріншілігі өткізіліпті. Дегенмен баскетболдың пайда болуы ресми 1926 жыл болып саналады. Сол жылдың жазында Семейде 1-ші республикалық кәсіподақ дене шынықтыру мерекесі өтеді. Оның бағдарламасына баскетбол да енгізіледі. Қазақстанда бұл спорттың ерекше дамуы XX ғасырдың 40-жылдарының бірінші жартысынан басталады. Қазақстан командалары 1940 жылдан бастап (ерлер), 1946 (әйелдер) КСРО чемпионаттарына жиі қатыса бастайды. Десе де көпшілік елде баскетбол ең кенжелеп қалған спорт түрі деп топшалайды. Спортшыларымыз 1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасында КСРО құрамасымен бірге атой салған әйгілі баскетбол спортының шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовтің жетістігін ұмытпайтыны хақ. Тарихта қалған сондай чемпионымыздың ізін жалғап, ол бағындырған шыңға жету үшін барын салып жүрген спортшыларымыз жетерлік. Ал ауданда баскетболға «жанын беріп», жас шәкірттерін «жанын салып» дайындап жүрген жаттықтырушы бар.
Құдайберген Медетов – аудандағы баскетбол спортының жаттықтырушысы. Ол 1983 жылы Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Жанқожа батыр атындағы №70 мектептен 1989-1999 жылдар аралығында білім алып, Қазалы гуманитарлық техникалық колледжінде білімін шыңдайды. 2009-2015 жылдар аралығында «Қайнар» спорт клубында срорт нұсқаушы болып қызмет етеді. Ал 2015 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Қазалы спорт клубында баскетболдан жаттықтырушы.
– Баскетбол – балалар үшін ерекше спорт түрі. Ойын оларды физикалық жағынан ғана емес, ой санасын да дамытады. Төзімділікпен, тамаша үйлестірумен және ептілікпен қатар, бала көру мен логикалық ойлауды жақсартады. Стандартсыз тапсырмаларды шешуді үйренеді. Денені нығайтып қана қоймайды, перифериялық көру мен тыныс алу жүйесін жақсартады, иммунитетке пайдалы әсер етеді және артық салмақтан арылуға көмектеседі. Кез келген командалық спорт әлеуметтенуге көмектеседі. Бала жас кезінен бастап тактик, талдаушы және болжаушы дағдыларын үйренеді. Жағдайдың өзгеруіне тез әрекет ету, жауынгерлік мінез-құлқын болжау, бірнеше секунд ішінде күрделі тактикалық комбинацияны ойлап табуға машықтанады. Ал мұндай дағдылар тек ойын алаңында ғана емес, өмірде де керек болатыны сөзсіз, – дейді жаттықтырушы.
Оның айтуынша, командалық спорттың жақсы тұсы көп. Алдымен бұл адреналинді күшейтіп, жинақталған энергияны босатып қана қоймай, сонымен бірге жеңіс пен жеңіліс сезімін түйсіне алады. Өз командасымен күшті эмоциялармен бөлісуге, басқа адамдармен бірге қуанып, эмпатиялық эмоцияны дамытуға мүмкіндік береді. Спортшы, әсіресе кәсіпқой, әрқашан шымыр мінезді болуы керек. Жеңілістерді қабылдау, мақсаттарға жету, өзін-өзі бақылау қабілеті балаға қарапайым өмірде қажет болады.
Дәл осындай ұстанымды алға қойып, жас өрендерді шынықтырып, әрдайым оларға қолдау болып жүрген Құдайберген Медетовтың шәкірттері бүгінде шымыр. Жеткен жетістіктері де аз емес. Мәселен, Қызылорда қаласындағы «Мың бала» спорт кешенінде өткен «AUYL SPORT – 2024» Қызылорда облысының ауыл балалар арасындағы өңірлік лигада баскетболдан 2009-2011 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында чемпион атанды. Қазалы спорт клубының баскетбол бөлімшесінің жеңімпаз ұлдар командасы және жаттықтырушысы Құдайберген I дәрежелі диплом марапатталды. Баскетболдан «Үздік қорғаушы» аталымымен Нұрлат Темірбек ие болды. Қызылорда облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен ауданда өткен баскетболдан 2009-2010 жылы туылған балалар-жасөспірімдер арасында облыс біріншілігінде II орынды қанжығасына байлады. Сырдария ауданында өткен ауыл спортшыларының XXXVII-ші «Алтын күз» спартакиадасында да баскетболдан әйелдер арасында жүлделі III орынды иеленді.
Иә, баскетболдағы ойын үрдісі техникалық және тактикалық дағдыны қажет ететін көптеген арнайы тәсілдерге толы. Ал бәсекелестіктен пайда болған рух матч қатысушыларының жоғары қызығушылығын оятатыны сөзсіз.
– Адам жетістікке жету үшін тынбай еңбек етуі керек. Сонымен қатар өз ісін сүйіп, махаббатпен істесе түбінде биік шыңды бағындырады деп есептеймін. Мәселен, мен баскетбол спортын жан-тәніммен жақсы көремін. Елімізде спорттың басқа түрі сияқты баскетбол да бір орында тұрмай, күн өткен сайын дамып, алға жылжып келеді. Баскетболмен айналысқысы келетін балалардың саны көбеюде. Баскетболдан сайыстар ұйымдастырылып, сайыстағы бәсекелестік те дамуда. Шынайы эмоция мен тартысты ойынды балалар баскетболынан да көруге болады. Өз кезегінде балалар баскетболына ауқымды назар аударыла бастағаны бізді қуантады, – дейді Құдайберген Медетов.
Айнұр ӘЛИ
21 қаңтар 2025 ж. 48 0

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 54

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 86

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 49

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 48

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031