Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтық ісі тыйылмай тұр

Алаяқтық ісі тыйылмай тұр

Фото: Н.Нұржаубай
Қазалы аудандық сотының 2024 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысына орай баспасөз мәслихаты өтті. Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықовтың мәлімдеуінше, соңғы уақытта азаматтар берешектерін тиісті орындарға қайтармауының салдарынан банкротство жариялануда.
– Қазір біз шешім шығаруда оңалту деген бағытына мән береміз. Оңалту дегеніміз – төлем жүйесін қалпына келтіру. Мұндайда қаржы жүйесін басқарушыны тағайындаймыз. Кірістер басқармасынан маман шақыртылады. Олар қарыз болушының барлық қаржы тарихын зерттейді. Қандай мүлкі барын қарайды. Содан соң 5 жылға дейін бөліп беретіндей құжаттарды реттеп беруге атсалысады. Бұл үшін мүлкі және айлық табысы болуы қажет.
Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша алаяқтық көбейді. Мәселен, банк қызметкері клиент атынан несие рәсімдесе, қызылордалық келіншек грант алуға ықпал етемін деп сенімге кіру арқылы бірнеше адамнан алдап арбаумен қаражат алған, – дейді төраға.
Сот төрағасы аудан бойынша аталған аралықта 116 тұлғаға қатысты 102 қылмыстық іс түскендігін мәлім етті. Соның 101-і қаралып аяқталған. Оның ішінде 68 іс бойынша 78 адамға айыптау үкімі, 2 құжатқа сәйкес 3 адамға ақтау үкімі, 27 дерекке орай 31 адам қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Іс өндірістен тоқтатылған. 1 адамға қатысты 1 айғақ прокурорға кері қайтарылған. Үш дерекпен 3 адамға қатысты соттылығы бойынша жолданған.
Сыбайлас жемқорлық санатына қатысты қылмыстық іс қаралмаған. Дегенмен есірткі айналымына қатысты 14 дерекпен 14 сотталушыға айыптау үкімі қабылданды.
Соттың іс жүргізуінде нәзікжандылардың мінез-құлқы да сараланды. Әйелдер тарапынан 12 адамға 12 іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. Дегенмен медиаторлардың ықпалымен 4 адамға қатысты 1 құжат қаралып аяқталған.
Өткен жылдың 12 айында 78 азамат тиесілі заң бабымен жазаға тартылды. Атап айтқанда, 18 адам айыппұл арқаласа, 4 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сонымен бірге 31 адамның бас бостандығы шектеліп, 19 адам бас бостандығынан айрылды. Ал 6 адамға шартты жаза тағайындалды.
Бас бостандығынан айырылған 19 құқықбұзушының 2-і онша ауыр емес, 3-і орташа санаттағы, 14-і ауыр санаттағы қылмыстық әрекеттері үшін сотталған.
Дәурен Әбдіқалықовтың айтуынша, бұл мерзімде азаматтық істер басым болған. Яғни соттың өндірісіне 31 азаматтық іс және 1412 талап қою түссе, 61 азаматтық іс, 16 талап арыз өткен мерзімнен қалдыққа қалған. Татуластыру көрсеткіші 36 процентті құрады. Неке бұзу туралы татуласу келісімімен 78-і аяқталған. Шешім шығару арқылы қаралған істер – 789, өткен жылдың осы мерзімінде шешім саны – 772 болған.
– Шарттан туындайтын даулар бойынша азаматтық істер көбейіп тұр. Өткен жылмен салыстырғанда 300 дерекке дейін артқан, – дейді Дәурен Нармағамбетұлы.
Есепті мерзімде ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі бойынша 18 талап қою түскен. Түскен талап қоюлар бойынша 4 арыз кері қайтарылса, 3-еуі медиация арқылы тоқтатылған. Мерзімнен қалдықта талап қоюлар жоқ. Әкімшілік істер бойынша ағымдағы тоқсанда апелляциялық шағымдар түспеген.
Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы 900 іс түсіп, оның 898-і қаралған. Сонымен бірге 745 адамға жаза тағайындалған, 133 іс тоқтатылған. Жиырма кәмелетке толмаған құқық бұзушыға тәрбиелік ықпал ету шарасы қолданылған.
Тағайындалған жазаларды сараласақ, 34 адамға ескерту жазасы қабылданып, 504 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Ал 195 адам әкімшілік қамаққа алынған. Алты адам көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, 6 адам ҚР шегінен шығарылған.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
21 қаңтар 2025 ж. 119 0

Халық саны артты

09 ақпан 2025 ж. 121

Жаңа тағайындаулар

09 ақпан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728