Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық сауат жоғарылауда

Құқықтық сауат жоғарылауда

Жуырда Қазалы аудандық сотының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда өткен жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы жайлы аудандық сот төрағасы Дәурен Әбдіқалықов баяндап берді.
Оның мәліметінше, аудандық соттың өндірісіне қылмыстық іс бойынша барлығы 109 адамға қатысты 92 іс келіп түскен. Бір қызығы, бұл аралықта сыбайлас жемқорлыққа қатысты дерек тіркелмеген.
Есірткі айналымымен – 12 дерек бойынша 12 сотталушыға айыптау үкімі қабылданған. Әйелдер арасында 9 адамның 7 ісі бойынша айыптау үкімі шығарылды. Ал медиаторлардың қатысуымен 9 адамға қатысты 9 айғақ қаралып аяқталған.
Есепті мерзімде өткен жылдан 58 азаматтық іс пен 3 талап арыз қалдырылды. Былтыр 12 айда 975 арыз, 27 азаматтық іс түскен. Оның 118 арызы кері қайтарылған, 8-і қабылдаудан бас тартылған. Ал 684 талап арыз бойынша азаматтық іс қозғалған. Барлығы 871 азаматтық іс аяқталған.
Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі бойынша 4 талап қою түскен. Оның ішінде 2 құжат бойынша шешім шығарылса, 1-еуі соттылығы бойынша жолданды. Келесісі 138-бабының 2-бөлігінің 6-тармағына сәйкес қайтарылған.
– Бүгінгі күні ерлі-зайыптылардың некелерін сақтап қалуы және бала тағдыры мен тәрбиесіне көңіл бөлінуі, татуластыру жұмыстарының жүруінің нәтижесінде халықтың құқықтық сауаты жоғарылады. Құжаттарды өз уақытында рәсімдеу, борышкерлердің несие алдында міндеттерін дұрыс орындауының, сонымен қатар аудандық сотпен түсіндірме жұмыстарын жүргізуі арқылы арыздар саны азаюда, – деді сот төрағасы Д.Әбдіқалықов.
Төрағаның берген мәліметіндегі әкімшілік құқық бұзушылыққа тағайындалған жазаларды сараласақ, 19 адамға ескерту жазасы қабылданып, 410-ына әкімшілік айыппұл салынып, 155-іне әкімшілік қамауға алынған. Ал 8 тәртіп бұзғанды көлік құралын жүргізу құқығынан айырған.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
20 қаңтар 2023 ж. 330 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930