Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйелі жұмыс – жемісті нәтиже

Жүйелі жұмыс – жемісті нәтиже


Фото:
gov.kz
Жақында Қазалы ауданы бойынша аудан әкімдігінің баспасөз орталығында барлық дербес бөлімдер мен мекеме-кәсіпорын басшыларының 2024 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингі басталды. Брифингтің алғашқы күнінде аудандық жұмыспен қамту, «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Қазалы ауданының Мансап орталығы» филиалы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты.
Баспасөз орталы­ғындағы мін­­­­бер­­­­­ден сөз алған аудандық жұмыс­­пен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев жұмыспен қамту жайына тоқталды.
– Өткен жылы 4486 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланса, нәтиже оданда жоғары – 4609 азамат жұмысқа орыналасты. Нақтыласақ, оның ішінде тұрақты – 2898, ал уақытша жұмысқа – 1711 жан орналасқан. Яғни, жос­пар 102,7 пайызға орындалды. Бұдан бөлек, «Өңірлік жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде ұлттық жобалар бойынша – 217 жұмыс орындарын құру жос­парланып, 226 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Белсенді шаралар бойынша – 1485 адам жұмысқа жолданды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына – 65 адам, жастар тәжірибесіне – 302, ақылы қоғамдық жұмысқа – 1051, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 19 адам жолданды. Сонымен қатар «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына – 2 адам болса, «Күміс жас» жобасына – 46 жан жолданды. Ал бұл жоспардың атқарылуы бойынша пайызға шаққанда әрқай­сысы 100-ді құрап отыр, – деді ол.
Бүгінде ауданның кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, кәсіптен несібе-берекесін тапқан азаматтар қатары қалыңдауда. Осы орайда ауданда талапшыл жандарға жыл са­йын мемлекеттік қайтарымсыз грант беріліп келеді. Өткен жылы ауданда аталмыш грантты жеңіп алғандар саны – 147 болыпты. Мұны да жауапты бөлім басшысының өзінен естідік.
– Иә, өткен жылы мемлекеттік қайтарымсыз грантты ауданда – 147 жан алды. Тапсырманың орындалу көрсеткіші 100 пайыз. Бос жұмыс орындары бойынша жоспарымыз – 1644 болса, 1962-ге орындалды. Он мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру бойынша – 789 адам жұмысқа орналасты. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі 65 пайызға жос­парланып, есепті кезеңге 80,6 пайызға орындалды. Ал субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысатын кәсіпорындар құрамындағы жеке сектордың үлесін 66 пайызға жеткізу жоспарланып, 69,1 пайыз артығымен атқарылды. Мұнан бөлек, ауданда абақтыдан жазасын өтеп шыққан азаматтар мен пробация қызметінің есебінде тұрған 41 адам жұмыс іздеуші ретінде хабарласып, тіркелді. Оның ішінде – 5 адам квота бойынша жұмысқа жолданса 27 адам квотадан тыс жұмысқа жолданды. Алты адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, қалған 3 адам қайтарымсыз грант алды.
Тағы 375 ерекшелігі бар адамдар жұмыс іздеуші ретінде хабарласып, тіркелді. Соның тұрақты жұмысқа жолданғаны – 61 азамат. Оның ішінде жастар практикасына – 5, «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негізде оқығаны – 44 азамат болса, әлеуметтік жұмыс орнына – 2, ақылы қоғамдық жұмысқа – 45, «Күміс жас» жобасына – 3 азамат және 35-і қайтарымсыз грант иегері атанды, – деді Совет Кеңесұлы.
Мұнан соң бөлім басшысы әлеуметтік төлемдер, жекелеген санаттар және ерекше жандармен жұмыс секторы жайына тоқталып, атқарылған жүйелі жұмыстарын айтып өтті.
Келесі сөз кезегін аудандық отба­сын қолдау орталығының директоры Нұркен Сералиев алды. Жалпы аталған бөлім 2023 жылдың шілде айынан бастап Қазалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанынан ашылып, жұмыс істеп келеді.
Орталық – тұрмыстық зор­лық-зомбылық мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Ал көздегені – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарды дер кезінде анықтап, оларға әлеуметтік, психологиялық-заңгерлік көмектер беру және зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға орталықта уақытша тұру мүмкіндігін қарастырады.
Қазіргі таңда орталық «Бел­сенді – ұзақ өмір терапиясы», «Арт-терапия», «Шаштараз», «Тігін», «Дағдарыс бөлмесі» және құқықтық, психологиялық, әлеу­меттік көмек және бейімдеу қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жан­дарға уақытша көмек көрсету мақсатында үш орындық төсек-жабдықпен қамтамасыз етілген. Орталықтың өткен жыл көлемінде атқарған жұмысымен Н.Жарболұлы қанық қылды.
– Жыл басынан бері орталық мамандарының ұйымдас­ты­руы­мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 48 іс-шара және құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, аудан тұрғын­дарымен 29 кездесу ұйымдас­тырылған. Сонымен қатар орта­лық ғима­ратында жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен «Кондитер», «Шаш­тараз», «Тігін» курстары ұйымдас­тырылып, оған 29 адам қатысып, тиісті сертификаттары табыс­талды. Орталықта әр аптаны сейсенбі және бейсенбі күндері әлеуметтік мамандармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. «Мүгедектер қоғамы» ұйымының ұйымдастыруымен әр аптаның сәрсенбі күні мүмкіндігі шектеулі жастар арасында іс-шаралар өткізіліп жүр. Аудан тұрғындарына психоло­гия­лық-заңгерлік кеңестер беру мақсатында «Ашық есік күні» акциясы тоқсанына бір рет ұйымдастырылып, нәтижесінде – 82 азамат қамтылып, олар өздеріне қажетті кеңестерін алған. Бұдан бөлек, жыл басынан бері орталық директоры тарапынан – 52 азаматты жеке сұрақтарымен қабылдап, оларға заңнамаға сәйкес тиісті жауаптары берілген. Оның ішінде, 23 азаматқа құжаттарын рәсімдеуге жәрдем берілді. Ал тоғыз азаматқа өз кәсібін ашуға жәрдем көрсетілді. 6 азаматқа тұрақты және уақытша жұмысқа орналасуға көмек берілсе, қалған 14 азамат басқа да мәселемен қабылданып, тиісті шешім қабыл­данды, – деді орталық директоры.
Елімізде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою мақсатында көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Өткен жылы республика көлемінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы бастау алып, ауданымызда түрлі ауқымды шаралар өткізілді.
Н.Сералиев ауданда орталық тарапынан атқарылған басқа да жұмыстарына тоқталды. Мұнан соң БАҚ өкілдері бөлім басшыларына көкейкесті сауалдарын қойып, тиісті, тұшымды жауаптарын да алды. Осылайша бір сағатқа жуық уақытқа созылған брифинг тәмамдалды.
Айта кетейік, барлық дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшыларының БАҚ өкілдеріне арналған брифингі қаңтар айы­ның аяғына дейін жалғаспақ.

Серік АҚМЫРЗА

18 қаңтар 2025 ж. 35 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 90

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031