Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мен тыңшымын» ертегі

«Мен тыңшымын» ертегі

- Балалар, бүгін Қытайдағы Цин әулеті басқарған кездегі ол елдің жартылай отар елге айналуына өтеміз.
Қытайға Англия мемлекеті екі мәрте “апиын соғысын” жүргізді…
- Ой, ой мен қайда түстім. Мыналар кімдер?
Бірнеше күзетші “қытай киімін киіп алған ба?” маған қарай жүгіріп келе жатыр, мен болсам алды - артыма қарамай қаша жөнелдім.
Мен Қазақстанның Ақсуат ауылында 2 - сынып оқып отырған оқушы Амина Қытай жерінен қалай шықтым?
Мыналар менің артымнан неге жүгіріп келе жатыр?
Қуған адам жетпей қоя ма?
Мені ұстап алып, алды артыма қаратпай, таңғажайып сарайға алып келді. Үлкен сарайдың ортанғы залында алтыннан апталған, ауада қалықтап тұрғандай тақ үстінде “Аспан астындағы” елдің императоры отыр.
Тақтың алдын еуропалық киім киіп алған елшілер тұр. Мен императордың алдына апармай есік алдында ұстап тұр. Ғажап мен 5 жасымда әжемнің 5 тілін меңгерген едім. Осы білімім император мен ағылшын елшілер арасындағы диологты түсінуіме керемет әсер етті.
- Цянлунь император Тяньзунь келісім шарты бойынша барлық порттарыңызды ағылшын саудасына ашық және соғыс үшін шығынын төлеп береді. Ең бастысы кез-келген тауарымызды кедергісіз елге кіргіземіз…
- Уа уәзір ағылшын елшісін құрметпен демалыс сарайына шығарып салыңдар.
- Құп болады. Аса мәртебелі император.
- Уа, уәзір ағылшын елі бізге апиынды порттарымыз арқылы бүкіл елге таратады. Біз оларға кедергі келтіре алмаймыз. Ол наша бүкіл шенеуліктерімізді, жастарымыздың санасын уламақ. Осы мәселеде қандай ұсыныстарың бар.
- Ия, осы мәселе күрделі. Дегенмен менің ойымша апиындарды көрші елдерге өткізіп жібергеніміз дұрыс. Батысымызда Қазақ еліне, жоңғарларға апиын жолын салып, соларға жол салып, халқын улап сол елдерді тегін келген наша арқылы ол елдерді жаулап алуға оңай болмақ.
Апиынның бірінші партиясын Қазақ еліне жібермекпіз. Осы орайда сол елдің Арғын руының көсемінің қызы тұтқынға түсті. Содан жансыз дайындап, ол қыздан наша тарататын диллер дайындамақпыз.
Осылайша мені жарты жылға 10 бетті алмастыра алатын, қатыгез, әмбебап сарбаз дайындады. Алыс-алыс жерлерден, алты ойды алты күнде, жеті жылды желдің ағымымен жетер тұлпармен туған еліме жеттім. Айхай туған жерім - ай, сағындырған сары далам-ай! Әкеммен жылап көрістім.
- Айдай сұлуым сені осы елдің ханзадасына айттырған едік. Алла қаласа сені аман-есен қауыштық. Енді ұзату тойына дайындаламыз.
- Елдің ханзадасына Арғын еліне бар сән-салтанатымен артына-тартына келеді. “Қол сыйпау” дәстүрі кезінде мен ханзаданың төленгіте ретінде Қытай тыңшысын таныдым. Және мен ғана сезе алатын иіс сезу мүшем арқылы төленгіт ханзадаға у қосқан қымыз бергелі жатқанын түсіндім. Мен маскамды киіп алып, төленгіттің алдына жетіп барып.
- Уа ханзадаға бергелі жатқан асты бірінші төленгіт ішіп көру керек білесің бе? Сен ішіп көр!
Осылайша Қытай жансызын құтылған соң, ханзада мен жике кездесіп, басымнан өткен оқиғаларды баяндап бердім. Менің басыма үлкен қауіп төніп тұр, кез-келген уақытта Қытай тыңшыларыны қолынан қаза табуым мүмкін. Бірақ “малым-жанымның садақасы” жаным-арымның садақасы демекші. Мен отанымды, елімді, ата-анам мен бауырларым ды сата алмадым.
Сондықтан ханзада екеуміз апиын тасымалын жою үшін үлкен күш жұмсадық. Жансыздар мектебін ашып, оларды дайындадым. Ханзада кеден ісін өз қолына алды.
Қытайға ақшаға, мол-мүлікке сатылған, апиынды елге тасуға көмектескен шенеуліктерді тұтқындалды.
“Наша - ұлт өзегіне түскен өрт”. Осы өрттің Қазақ елінен жалмауына кедергі жасауға қарлығаштың қанатындай су септім…
- Амина, Амина
- Ия, мұғалім
- Жаным, не ойланып кеттің?
- Ия, иә мұғалім. “Наша - ғасыр дерті”. Апиын бүтіндей Қытай елін жалмап, оларды отар, тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Еліміз тәуелсіз болсын десек, есірткінің тамырына балта шауымыз керек.
- Жарайсың, дұрыс!
Мизан Амина Сабитқызы,
№ 100 мектептің 2-сынып оқушысы
Жетекшісі: Темірбаева Гулмира
16 қаңтар 2025 ж. 49 0

Шыбық

16 қаңтар 2025 ж. 8

«Таза Жол»

16 қаңтар 2025 ж. 20

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 47

«Мен тыңшымын» ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 50

Есті ел тұрғындары

16 қаңтар 2025 ж. 71

Ақыл мен Жан

16 қаңтар 2025 ж. 56

Жарқыраған тұзақ

15 қаңтар 2025 ж. 100

Есірткі – ғасыр дерті

15 қаңтар 2025 ж. 100

Елді езген есірткі

15 қаңтар 2025 ж. 106

Атаның ақылы

15 қаңтар 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031