Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрекке жол көрсеткен жарық

Жүрекке жол көрсеткен жарық


Б
аяғыда бір ауылда Аян есімді ақылды,мейірімді бала өмір сүріпті.Ол ата-анасының мақтанышы еді.Сабақта үздік, досқа адал,еңбексүйгіш бала болатын.Бірақ уақыт өте келе басқа қалаға оқуға түсті.Жаңа орта,жаңа достар,бейтаныс өмір тез арада өзгертті. Ол алғашқыда жаңа достарымен танысып,қызықты кештерге барып жүрді.
Сол ортаға түскен Аян өзгеріп кетті.Есірткі қолдана бастады,кредит алды,қарызға белшесінен батты.Оқудан да шығып кетті.Аян өзінің болашағынан үміт үзді,бір күні таудың басына шығып,өмірімен қоштасуды ойлады.Бірақ сол кезде алдынан мыстан кемпір шықты.Мыстан кемпір-шебер сиқыршы болатын.Ол Аянға қараған кезде,оның жүрегіндегі жарықтың өшіп бара жатқанын байқады.Мыстан кемпір оған көмектесуге шешім қабылдады.Ол Аянға жаңа өмірге қайтып оралу үшін бір тапсырма берді.Егер сен жүрегіңдегі жарықты сақтағың келсе,менің сұрауым бойынша,үш жануардың көмегін сұрауың керексің.
Біріншісі-“Батыр қоян”,екінішісі-“дана үкі”,үшіншісі-“мейірімді аю”.Аян күмәнданбай,мыстан кемпірдің шарттарын орындауға шықты.Алдымен ол батыр қоянды тапты.Қоян оған күш-жігер мен бастылдықтың маңызды екенін үйреті.Кейін ол дана үкіні кездестірді,үкі оған өмірдің мәні мен ішкі тыныштықты табу керектігін айтты.Соңында ол мейірімді аюды тапты, ол жүрегін тыңдап,адамдарға мейірім мен сүйіспеншілік көрсету маңызды екенін түсіндірді.                    
Бұл үш жануардың кеңестері мен мыстанның тапсырмасын орындап,Аян өз жүрегіндегі жарықты қайта тапты.Ол ата-анасына хабарласып,көмек сұрады.Ата-анасы оны қолдап,арнайы орталыққа жіберді.Осылайша Аян ұзақ уақыт емделіп,өз өмірін жаңадан бастады.Жүрегінде жарықтың сөнбейтініне,әрқашан өзггеруге мүмкіндігі бар екеніне сенім артты.Енді,Аян тек өз өмірін ғана емес,бүкіл әлемді жақсы жаққа өзгерту үшін жұмыс жасады.
Гулназ Амангелді,
Қазалы қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы
№17 орта мектебінің 8 Ә сынып окушысы
15 қаңтар 2025 ж. 280 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031