Есірткі жайлы ертегі
Баяғы өткен заманда бір ауылда айсұлу есімді ақылды қыз өмір сүріпті.Ол әрдайым әдемі гүлдер өсіріп, достарымен ойнап мектепте жақсы оқыған. Айсұлуды достары өте жақсы көретін, себебі ол өте мейірімді әрі ақылды еді.
Бір күні Айсұлу орманға барып,гүл теріп жүріп бір қара бұлт секілді қараңғы затқа тап болады. Бұл- зиянды заттар патшалығы еді. Айсұлуға бұл жер суыр әрі қорқынышты болып көрінді. Сол кезде оған Көк түтінді патша жақындап:
- Сәлем кішкентай қыз! Мен сені ертегідегідей бақытты етемін. Менің түтінімді жұтып көрсең көңілің көтеріліп,бәрін ұмытып кетесің, - деді.
Айсұлу ойланып: Сен неге қараңғысың,неге сенен гүлдер шықпайды? Мен сенің түтініңді жұтсам не болады? - деп сұрады.
Көк түтін жымиып:
- Алдымен көңілің көтерілсе де кейін достарыңды жоғалтасың, денсаулығың нашарлайды. Жаныңда тек мен ғана қаламын деп жауап берді. Айсұлу қорқып кетеді.
Ол: Жо-жооққ, менің достарым мен денсаулығым қымбат. Сенің патшалығыңнан аулақ боламын, - деді де тез орманнан шығып кетті.
Сол күннен бастап Айсұлу достарына зиянды заттар патшалығы туралы айтып берді. Себебі ешкім оған бармайды және барса өмірі қиындыққа айналатынын түсінді.
Рахымжанұлы Сапармұрат,
№100 орта мектебі
4-сынып оқушысы