"Кесірлі есірткі " ертегісі
Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде жан-жануарлар мен табиғат үйлесімділікте өмір сүретін,«Ерекше» атты елді-мекен болыпты. Бұл мекенді «Ерекше сиқырға» толы деуіміздің себебі, оның айналасындағы шалғай ауыл тұрғындары бұл мекеннің әсемдігіне,тазалығына тәнті болып «Ерекше сиқырлы» деп ойлайды екен…Мекен атауының тарихы осында.
Бұл жақта өмір сүріп жатқан жануарлар қауымдастығы өз мекендерін таза ұстауды алға тартып,өсімдіктерін көбейтуді жыл сайынғы міндет етіп алыпты.Жан-жануарлардың саны ай сайын,тіптен күн сайын артып отырыпты.Күзде өзге ауылдар қақаған қыстан қорқып,азық теріп,жылы ұя соғып бастаса, «Ерекше» ауылында бұндай қарбалас байқалмайтын.
Күндердің бір күнінде көрші ауылға «Сария» атты түлкі келіп,ауыл патшасы «Аттилла» атты арыстанға Ерекше орманының құпиясын ашу жөнінде сөйлескісі келеді.Ол үлкен дорбасына беймәлім затты толтырып,патша сарайына кіреді.Ол Патшаға өзінің арам ойын айтып,әңгіме барысында қалташаларға бөлінген ұнтақтарды ұсынады.
Аттилла патша:
-Бұл не?
Сария түлкі:
-“Бұл ұнтақты бір рет дәмін татсаңыз,сіздің кез-келген ойыңыздағы мақсатыңыз орындалады.Тіпті бұнымен сауда-саттық құрсаңыз,үлкен байлыққа әкеледі.Ұнтақтың бір қалтасы-ат басындай алтынға тең”- деп,өзінің құйтырғы әрекетін орындағысы келеді.
Патша алғашында одан бас тартады.Бірақ,түлкі көптеген айлалы әңгімемен Аттилла арыстанды көндіреді. Аттилла арыстан ұнтақтан дәм татқан сәттен бастап,жаны жадырап,көңіл-күйі көтеріліп,бойындағы сенімділік пен күштің артқанын байқайды.Бірақ біраз уақыттан кейін патшаны үлкен ой мазалайды.
«Неліктен біз жыл сайын күзде еңбек етіп,қысқа дайындалсақ,Ерекшенің жануарлары дайындалмайды?Ал,біз жыл сайын көктемде ауылда көгалдандыру үшін гүл егіп,ағаш егіп,егістікті жыртып,бау-бақшамен шұғылданамыз.Не себепті бұл ауылда ондай байқалмайды?» деп толғанады. Әрі ойланады,бері ойланады,бірақ шешімін ойынан таба алмады.Енді ол көрші ауылдың табиғатын қызғанып,іштарлықпен қастандық ойластырғысы келеді. Аттилла арыстан бар қасқыр,түлкі,қоян,кірпі,аюды жинап Ерекше орманына баса көктеп кіреді.Ерекше мекен тұрғындары өздеріне қастандықпен келгенін білместен,оларды төріне шығарып, үйлеріне,індеріне қонақ қылады,алдарына табақтап ас қояды. Барлық тағамды жеп болып, Сария түлкі патшаға:
-"Іске көшіңіз”- деп белгі береді.
Осы сәтте орман ішінде үлкен дүрбелең басталады. Барлық жан-жануар жаралануда,тек Сария атты қу түлкі ғана сырттан жымиып қарап тұрады. Бұны байқаған Аттилла патша дүрбелеңді тоқтатып, түлкіні тұтқындайды. Түлкіден неліктен бұндай іс-әрекетке барғаны жайлы сұрақ қойса,түлкінің жауабы былай болды:
-Мен осы Ерекше орманында өмір сүрдім. Бірақ біздің орманда барлығы бір-біріне сыйласып, орманда қоқыс тастауға жол бермей, әрдайым күлімсіреп,жылы сөйлесетін.Күзде жануарлар егіннен астық теріп,Көктемде барлығы бірігіп жер жыртып, гүл,ағаш егіп, көгалдандыратын,бірақ олар бірлесе жасағандықтан бұның барлығы тез-тез орындалатын,тіптен оны басқалары байқамай да қалатын.Бірақ мен бұл жұмыстарды жасауға ерінетінмін және ешкімге көмек көрсетпейтінмін. Менің бұл әрекетімді ешкім ұнатпай,орманнан қуылдым.Мендегі кек мені «есірткіге» жолықтырып,сіздерді «есірткі» атты зиянды ұнтақты ұсынуға апарды.Мен бұл әрекеттеріме қатты өкінемін» - деп, екі орман аңдарының алдында кешірім сұрайды. Түлкіні барлығы түсініп,кешірімін қабыл алады. Осылайша, Ерекше орманы мен оған көрші орманның барлығы бірлікте өмір сүріп, есірткіден бір жола бас тартады.
Аяулым Бөкенбайқызы