Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Дубай шоколадын" алдап сатып, 300 мың теңге тапқан

"Дубай шоколадын" алдап сатып, 300 мың теңге тапқан

istockphoto.com
Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Дубай шоколадын" алдап сатқан А. есімді азаматты үш жылға соттады. Бұл туралы
Аikyn.kz Астана соттары таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Сот мәліметінше, А. есімді күдіктіге бірнеше рет алаяқтық әрекет жасады деген айып тағылған. Ол "Дубай шоколадын" 10 жәбірленушіге сатып, жалпы сомасы 301 020 теңге тапқан.

"Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банктік аударымдармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді", – деп хабарлады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.

Прокурор соттан айыпталушыны 3 жыл 6 айға соттауды сұраған. Оның адвокаты қорғауындағы азаматты босатуды өтінген. Сот айыпталушының жасаған ісіне өкінетінін, алаяқтық әрекетінен келген зиянды өтегенін ескере отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
09 қаңтар 2025 ж. 154 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031