Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қылмыс жасаған 5 азаматқа қатысты үкім шықты

Қызылордада қылмыс жасаған 5 азаматқа қатысты үкім шықты

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бес сотталушыға қатысты үкім шықты. Заң алдында жауапқа тартылғандардың бірі кәмелетке толмаған.
Қылмыс орын алған күні сотталушы Р. өзіне тиесілі автокөлігімен қалада серуендеп жүрген. Жанында 4 досы болған. Бөкейхан көшесінің бойында орналасқан кәуапхана тұсынан тоқтаған жастар, сол маңда тұрған жәбірленушілермен керісіп қалған. Жанжалдың соңы төбелеске ұласыпты. Басты сотталушының 3 досы қарсыластарын таспен ұрып, жеңіл жарақат салған. Ал, Р. екі азаматты пышақпен жарақаттап, денсаулықтарына залал келтірген. Тергеу кезінде қамауға алынған қызылордалықтар  өз кінәларын толықтай мойындады.  «Сот үкімімен сотталушы Р. «екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталғаны» үшін кінәлі деп танылып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Ал, кәмелетке толмаған жасөспірім ҚР Қылмыстық кодекстің 293 бабы бойынша айыпты деп танылғанымен, заңға сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ал қалған үш азаматтың  жәбірленушілермен өзара татуласуына байланысты қылмыстық істері тоқтатылды», – деп мәлімдеді Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Айнұр Төлешова  
27 ақпан 2018 ж. 2 308 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031