Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АЭС құрылысы бойынша қандай мамандар әзірленеді – Министр жауабы

АЭС құрылысы бойынша қандай мамандар әзірленеді – Министр жауабы

Атом электр станциясын салу жобасы бойынша 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам, 2032 жылы – құрылыстың шарықтау кезінде 10 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтып берді.
Фото:
Солтан Жексенбеков/Kazinform
Ал АЭС-ті пайдалану кезеңінде кемінде 2000 азамат жұмысқа орналаса алады.
– АЭС құрылысын қолдау үшін отандық колледждер АЭС-қа арналған мамандықтарды дайындайтын болады (дозиметрист, газтурбина слесары, АЭС жабдықтарды жөндеу маманы, АЭС ақпарат технологиялар бойынша маманы және т.б.). Министрліктің бағыныстағы ұйымдары – Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық физика институты электртехника колледждерімен тығыз ынтымақтастықта және ядролық мамандықтар бойынша колледж студенттерінің өндірістік тәжірибе өткізу базасы болады, – деді А.Сәтқалиев Үкімет отырысында.
Осы жаңа жобалардан бөлек, 2025-2029 жылдары отын-энергетика кешенінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қосымша 16 мыңға жуық жұмыскерді қажет етеді. Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтардың 43 кәсіби стандарты жаңартылды, жаңа мамандықтар мен біліктілік белгіленді.
– Биыл энергетика саласында жаңа мамандықтардың 4 кәсіби стандарты әзірленеді және атом өнеркәсібін қоса алғанда, 29 кәсіби стандарт жаңартылады. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 61 ЖОО мен 200 астам колледжді қамтитын отын-энергетика кешені саласының мамандарын даярлау жұмыстары атқарылып жатыр, - деді ол.
Энергетика үшін 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж кадр дайындайды. Онда электр, жылу және жаңартылатын энергетика салаларының 7 мамандығы бойынша 19 мыңға жуық студент білім алып жатыр.
– Жаңа электр энергиясын өндіру нысандарының салынуын, тұтынудың белсенді өсуін және экономикалық дамуын ескере отырып, 2030 жылға қарай тек энергетика саласында 20 мыңнан астам мамандарға қажеттілік болады, – деді министр.
Бұған дейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда энергетиктердің жалақысы жыл сайын 15% өсіп отыратынын хабарлаған еді. Сондай-ақ, жұмысшы кадрларға арналған ипотекалық бағдарламаны іске қосу тапсырылды. Алдағы 5 жылда отын-энергетика саласында 83 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

08 қаңтар 2025 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031