Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан түркі дүниесін біріктіруді көздейтін барлық жасампаз бастаманы қолдайды

Қазақстан түркі дүниесін біріктіруді көздейтін барлық жасампаз бастаманы қолдайды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының бастауында болғанын жеткізген. Президент бұл ұйымға мүше елдер – біздің көршілеріміз әрі маңызды геосаяси серіктестеріміз екеніне де ерекше тоқталып өтті.
«Біз төрағалық еткен кезде саяси және сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса мән бердік. Бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асырдық, 80-нен астам іс-шара ұйымдастырып, нақты нәтижеге қол жеткіздік. Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Оқу орындары мен академиялық құрылымдардың, шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің арасында тығыз байланыс орнады. 2021 жылы түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланған көне Түркістан қаласы халықтарымыздың достығын нығайту ісінде айрықша рөл атқарады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның айтуынша, соңғы 10 жылда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің арасындағы алыс-беріс айтарлықтай артқан. Былтыр өзара сауда-саттық көлемі 45 миллиард доллардан асса, елдеріміз Транскаспий халықаралық көлік дәлізінде маңызды рөл атқарып отыр.
Қазақстан энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы ықпалдастықты күшейтуді көздеп отырғанын айтқан Мемлекет басшысы: «Қазақстан осы ұйымның төрағасы ретінде «TURKTIME!» ұранын ұсынды. Бұл аббревиатура өзара қарым-қатынастың дәстүр (Traditions), унификация (Unification), реформалар (Reforms), білім (Knowledge), сенім (Trust), инвестиция (Investments), медиация (Mediation) және энергия (Energy) сияқты сегіз басымдығын білдіреді.
Осы басымдықтарды Түркі мемлекеттері ұйымы ғана емес, бүкіл түркі әлемі қызығушылықпен қабыл алды. Қазақстан түркі дүниесін біріктіруді көздейтін барлық жасампаз бастаманы қолдайды, Ресейдің «Алтай – түркілердің алтын бесігі» атты тұжырымдамасына да жақсы қарайды», деп тоқталды. Сондай-ақ Президент еліміз түркі халықтары арасындағы байланысты нығайту, ортақ тарихи-мәдени бай мұрамызды насихаттау ісіне алдағы уақытта да атсалыса беретінімізді нықтап кетті.
Айта кету керек, еліміздің бұл бастамасын Түркітілдес журналистер қоры да қолдап келеді. Мәселен қор жұмысын бастағалы түркі елдерінің арасындағы қарым-қатынасты жандандыру жұмысына білек сыбана кірісіп кетті. Айталық, қордың ұйытқы болуымен өтетін дәстүрлі Түркітілдес журналистер форумы да бауырлас халықтардың мәдени байланысын нығайтуға серпін беріп жатыр. Биыл да Алматы қаласында «Turktime: түркі елдерінің медиа және туризм бірлігі» атауымен өткен IV халықаралық Түркітілдіс журналистердің медиа форумында дәстүрлі журналистика мен dijital жүйе, жасанды интеллектінің жаңа үрдістері және геосаяси ахуалдың түркі елдеріндегі ақпараттық нарыққа әсері жан-жақты талқыланған болатын. Жалпы алғанда халықаралық форумның алға қойған басты мақсаты — түркі халықтары арасындағы байланысты нығайтуды, ортақ тарихи-мәдени бай мұрамызды насихаттауды көздейді. 2025 жылы V Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы Еуропалық одақтың астанасы Брюссельде өткізу жоспарланып отыр.
03 қаңтар 2025 ж. 185 0

150 отбасының қуанышы

05 қаңтар 2025 ж. 91

Әділетті Қазақстан

05 қаңтар 2025 ж. 49

Кім қандай төлем алады?

05 қаңтар 2025 ж. 53

«Тамырымыз бір»

05 қаңтар 2025 ж. 45

Терроризмді насихаттады

04 қаңтар 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031