Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамп TikTok-қа тыйым салу туралы шешім қабылдамауға шақырды

Трамп TikTok-қа тыйым салу туралы шешім қабылдамауға шақырды

Ол Жоғарғы сотқа жазбаша өтініш жолдады
Трамп TikTok-қа тыйым салу туралы шешім қабылдамауға шақырды
Фото: © istockphoto.com
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Жоғарғы сотқа TikTok-тың тағдыры туралы шешім қабылдамауды сұрап, жазбаша өтініш жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Өтініште Трамп TikTok-қа қазіргі уақытта АҚШ аумағында тыйым салуға қарсы екенін және бұл мәселені президент лауазымына кіріскеннен кейін саяси құралдармен шешуді қалайтынын атап өтті.
«TikTok-қа тыйым салу туралы шешім қабылдауға әлі ерте. Біз бұл мәселені дипломатиялық жолдармен шешу мүмкіндіктерін қарастырғымыз келеді», — делінген жазбада.
2024 жылдың сәуір айында АҚШ Конгресі TikTok-тың қытайлық иесі ByteDance-ті платформаны америкалық компанияға сатуға немесе ел аумағында қызметіне тыйым салуға міндеттейтін заң қабылдаған болатын.
Әділет министрлігі ByteDance-тің штаб-пәтері Пекинде орналасқанын алға тартып, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін деп санайды. TikTok компаниясы, керісінше, пайдаланушылардың барлық деректері АҚШ серверлерінде сақталатынын және модерацияның да АҚШ аумағында жүзеге асырылатынын мәлімдейді. Жоғарғы сот бұл мәселе бойынша соңғы шешімді 19 қаңтарға дейін қабылдауға тиіс.



28 желтоқсан 2024 ж. 259 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 122

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930