Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » TikTok қолданушыларды бақылайтын топ құрды

TikTok қолданушыларды бақылайтын топ құрды

TikTok төңірегінде құпияны сақтауға қатысты тағы да дау туындады. Тергеудің мәліметіне сәйкес, ByteDance компаниясы АҚШ-тағы қолданушылардың орналасқан жерін бақылайтын топ жасақтаған. Топ Қытайда орналасқан.

Ол Қытай еліндегі TikTok қолданушылардың құрылғыларынан ақпарат жинауға арналғанымен, оның басқа қандай деректерді жинайтыны белгісіз.
Forbes-қа белгілі болған мәліметтерге сәйкес, ByteDance жинаған ақпаратты «жарнама таргетіне немесе басқа ішкі мақсатта емес, америкалық азаматтарды бақылау үшін» пайдалана алады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Forbes журналына сүйеніп хабарлайды.

TikTok және АҚШTikTok-тың АҚШ-тағы қолданушыларын бақылайтын арнайы команда бар. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
ByteDance Ltd. – 2012 жылы құрылған қытайлық компания. Кайман аралдарында ресми тіркелсе де, штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан. Компания TikTok және Xigua бейне алмасу платформаларына, Toutiao және BaBe жаңалықтар қызметіне, Helo әлеуметтік желісіне иелік етеді.

Расында да, ByteDance-те компаниясының құрылымында корпоративтік ережелерді бұзуы мүмкін қызметкерлердің қарым-қатынасы мен мінез-құлқын бағалайтын «Ішкі аудит және тәуекелді бақылау» тобы бар. Бұл топ өз ұсынымдарын компанияның бас директорына жолдайды.
Сонымен қатар Forbes-тың есебінде деректердің қауіпсіздігін бақылайтын қызметкердің бағалау жазбасына сілтеме жасалады. Ереже бойынша деректер Қытайдан тыс серверлерде сақталуы керек болса да, олар Қытайда жұмыс істейтін серверлерде сақталуы мүмкін деген болжам жасалады. Бұл деректерді сақтау келісімінің өрескел бұзылуы деп бағаланады. Ал, TikTok Forbes-тың есебін қатал сынап, журналистік адалдықтың жоқтығы үшін айыптады. Бұл шындықтан алыс ақпарат деп бағалады.

TikTok және GPS
«TikTok қолданушылардың орналасқан жері туралы ақпарат жинамайды» дейді компания өкілдері. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
«TikTok GPS арқылы АҚШ-тағы қолданушылардың орналасқан жері туралы нақты ақпаратты жинамайды. TikTok мақалада айтылғандай АҚШ-тағы қолданушыларын бақылай алмайды», – деп мәлімдеді компания өкілі. Сондай-ақ компания бұл тәсіл саясаткерлер, журналистер мен белсенділер, сондай-ақ басқа ықпалды тұлғаларды бақылау үшін ешқашан қолданылмағанын айтқан.

ТикТоктың Forbes есебін жоққа шығаруы қисынды көрінгенімен, соңғы зерттеулер компанияның құпиялылық дәрежесінің бұлыңғыр екенін көрсетті.

BuzzFeed зерттеуіне сәйкес, Қытайдағы TikTok инженерлері АҚШ-тағы құпия деректерге қол жеткізген. «Қытайда бәрі көрінеді», – дейді TikTok-тың сенім және қауіпсіздік тобының мүшесі.

TikTok және Oracle
АҚШ-тағы TikTok-ерлер туралы мәліметтер Oracle серверлерінде сақталады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
Осы жылдың басында TikTok АҚШ-тағы өз қолданушылары туралы деректерге қол жеткізуді шектейтін «АҚШ деректер қауіпсіздігі» деп аталатын жаңа топ құрғанын және жеке мәліметтер қатаң протоколдар мен бақылау жүйелерінің көмегімен қорғалатынын хабарлады.

АҚШ қолданушылары туралы деректерді TikTok Oracle-ға тиесілі жергілікті бұлттық серверлерде сақтауға шешім қабылдаған.

Oracle-мен келісім деректер қауіпсіздігі мен пайдаланушы ақпаратының қауіпсіздігіне қатысты АҚШ үкіметі тарапынан қысымнан кейін жасалды. Ал, ауқым кең нарық саналатын Үндістанда ұлттық қауіпсіздікке ұқсас мәселелерге байланысты TikTok-қа тыйым салынған.
22 қазан 2022 ж. 999 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930