Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде оқушылардың қысқы каникулы қанша күнге созылады?

Елімізде оқушылардың қысқы каникулы қанша күнге созылады?

2024 жылдың 27 желтоқсанында ІІ тоқсанның соңғы сабақ күні болды.
Фото: ашық дереккөз
Бүгіннен бастап оқушылардың қысқы демалысы басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30 желтоқсаны мен 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады.

1-сынып оқушылары үшін 2025 жылғы 10-16 ақпанды қоса алғанда, 7 күн қосымша демалыс енгізіледі.

Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру аясында "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз" мектепішілік іс-шарасы;
театр фестивальдері мен қойылымдары;
жаңажылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;
қауіпсіздік сабақтары;
мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;
қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.
Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
28 желтоқсан 2024 ж. 181 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930