Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда неше күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандық мектептерде қысқы каникул күнтізбелік 10 күнге созылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқушылар 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда демалады. 9 қаңтар сабаққа келеді.
Оқу-ағарту министрлігі каникул кезінде де іс-шаралар өтетінін мәлімдеді.
“Мектеп оқушыларының қысқы демалыс кезінде тиімді және қауіпсіз жүріс-тұрысы мен тұлғалық дамуы үшін "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары әзірленді. Мектептің іс-шаралар жоспарына оқу, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар кіреді”, – делінген хабарламада.
  • "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру шеңберінде – "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқымыз" мектепішілік іс-шара;
  • Театр фестивальдері мен қойылымдары;
  • Жаңа жылдық әшекейлерді жасау бойынша шеберлік сабақтары;
  • Қауіпсіздік сабақтары;
  • Мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;
  • Спорттық ойындар, коньки тебу, шаңғы тебу;
  • Қайырымдылық шаралары және т.б.
“Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі. Осы орайда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектептерде ішкі тәртіп ережелерін сақтау, көшедегі қауіпсіздік шараларын сақтау, үйдегі өрт қауіпсіздігі мен киберқауіпсіздік мәселелеріне баса назар аударылып жатыр. Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыныстар ретінде жіберіледі”, – деп түсіндірді министрлік.
11 желтоқсан 2024 ж. 396 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 34

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031