Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мектеп оқушылары күзгі каникулда қанша күн демалады

Қазақстанда мектеп оқушылары күзгі каникулда қанша күн демалады

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалысқа қай уақыт аралығында шығатынын мәлімдеді. Сонымен қатар 7 күндік демалыста бос уақытты тиімді өткізуге ұсыныстар айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Министрлік биыл оқушылардың күзгі демалысқа 28 қазаннан 3 қараша аралығында шығатынын алға тартты.

“Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынып отыр.

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Балалар кітапханасы жоспарын іске асыру шеңберінде “Демалыста кітап оқимыз” мектепішілік іс-шарасы, “Буллингтен қорған” қауіпсіздік сабағы, күзгі “Асар” жәрмеңкесі, мектеп театрының жұмысын ұйымдастыру жұмыстары ұсынылады.

Ең бастысы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарын алдын алу іс-шараларына мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшедегі қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет”, – делінген ведомство хабарламасында.

14 қазан 2024 ж. 163 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930