Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары

Мемлекеттік тілдің мәртебесі жоғары

Жақында Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің акт залында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Тілімізді ұлықтайық!» атты ауқымды шара өтті. Бастауыш ұйым төрағалары, тіл жанашырлары мен мектеп оқушыларының басын қосқан туған тілдің тұғыры, мемлекеттік маңызын мазмұндап, жас ұрпақ санасына отансүйгіштік қасиет ұялататын тағылымды кеш көрініспен ашылып, №249 мектеп-лицейдің оқушылары «Мен қазақпын» өлеңін тебіреніспен орындады.
Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп аудандық «Қазақ тілі» қоғамы мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтатып, осы бағытта жүйелі жұмысымен жылды қорытындылап отырғанын жеткізді. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен үстемдігін, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы биыл 35 жылдық мерейтойына толайым табыспен жеткелі отырғандығына тоқталды. Ринат Ібайдуллаұлы жыл қорытындысы бойынша жақсы көрсеткішпен көрінген бірқатар тіл жанашырларын «Абай аманаты» төсбелгісімен наградтап, аудан әкімі, облыстық және аудандық «Қазақ тілі» қоғамы филиалдарының «Алғыс хаттарымен» марапаттады.
Жиналғандар назарына «Айсер» хор ұжымының «Егемен елім», ұстаздар вокальды тобының «Анамың тілі», жігіттерден құралған топтың «Бұл біздің жер» әндері, өнерлі өрендердің «Қазақ» биі, «Қалампыр» әжелер ансамблінің орындауындағы «Той базар» халық әні мен «Мұғалім, ата-ана, оқушы» мюзиклі, «Сен қазақсың» әндері ұсынылды.

Алтын МЕЙІРХАНОВА

28 желтоқсан 2024 ж. 352 0

Тұғыры биік туған тіл

05 қыркүйек 2026 ж. 59

Сыр бойындағы маңызды сапар

05 қыркүйек 2026 ж. 60

Әке беделі биігінде ме?

05 қыркүйек 2026 ж. 57

Мәдениеттің қамалы берік

05 қыркүйек 2026 ж. 53

Жанашыр дәрігерлер

05 қыркүйек 2026 ж. 45

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930