Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйқамақтағы қазақстандықтардың 60 пайызына электронды білезік тағылды

Үйқамақтағы қазақстандықтардың 60 пайызына электронды білезік тағылды

Биыл елімізде қылмыстық істерді қарау 5,9 пайызға артқан. Бұл туралы Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина мәлім етті.
Фото: kabar.kg
Осыған қарамастан, алқа басшысы сот төрелігін жүзеге асыру сапасының оңалғанын айтып отыр. 

- 4,8% сот актілерінің апелляцияда күші жойылды және өзгертілді, ал кассацияда – 1%. Бас бостандығынан айрылғандардың саны 3,8%-ға көбейді, осы ретте айыппұл арқалаған және қоғамдық жұмысқа тартылғандардың да саны артты, - деді Назгүл Рахметуллина Жоғарғы соттың жылды қорытындылауға арналған кеңесте. 

Сот алқасы төрағасының мәліметіне сүйенсек, сотпен қамауға алуды санкциялау туралы өтінішхаттар өткен жылға қарағанда азайған. (Былтыр 75,8%, биыл 74,5%). 

- Биыл сот үйқамаққа алу тәсілін 5 есе, кепілдік алу 8 есе көп қолданды. Үйқамақтағы адамдардың 60%-на электронды білезік тағылды (2021 жылы бұл көрсеткіш 3%-дан аспаған). Сонымен қатар қылмыстық құқық және процестік мәселелері бойынша 12, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама бойынша 1 нормативтік қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, - дейді ол. 

Бұған дейін Жоғарғы сот отырысында мемлекеттік органдар айналасындағы дау-дамайдың артқаны айтылған еді. 

Айта кетейік, бүгін елордада 2024 жылғы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша Жоғарғы сот корпусының кеңейтілген кеңесі өтті.

26 желтоқсан 2024 ж. 308 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031