Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде үш сот құрылады. Оның мәртебесі қандай?

Елімізде үш сот құрылады. Оның мәртебесі қандай?

Фото: El.kz
Кулуарда Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов әр жіберілген өрескел қателік міндетті түрде сот жюриінде қаралу керегін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысының айтуынша, сот жюриінің құзыреті сөгіс жариялап, судьяны қызметінен босата алады.

    Сонда ғана судьялардың жауапкершілігі күшейеді. Судья өзгеріс енгізілген заңдарды білуі тиіс. Ескі заңды қолданатын болса, өрескел қателік қой. Біреудің құқығына нұқсан келтіріп жатыр деген сөз. Азаматтық істер алқасының төрағасы болғасын, мен қылмыстық істерді қарамаймын. Бұл қызметіме кірмейді. Ақталған үкімдер болса, бұл процессуалдық тәртіппен тексеріледі. Соттың өзінің жұмысының процессуалдық ерекшеліктері бар. Мұны да ескеру қажет, – деп атап өтті.

Сонымен қатар Шәріпов кассацияны аймақаралық ретінде құруды ұсынып отырғанын жеткізді.

    Үш сот құрамыз деп ұсынып беріп отырмыз. Яғни сот жүргізу бағытына байланысты қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот болады. Сондай-ақ сотқа жүгінуде ереже мен қағидаттары бірдей болуы керек. Әр облыстағы кассациялық сот болмайды. Үш сот республикалық деңгейде қызметін атқарып, олардың мәртебесі аймақаралық сот болады, – деді Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов.

Айта кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде бірінші оқылым өтті. Негізгі ұсыныс кассацияны арнайы кассациялық соттарға ауыстыруға қатысты.








14 маусым 2024 ж. 192 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930