Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұшақ бортында 69 адам болған – ТЖМ ұшақ апатына қатысты тың ақпарат берді

Ұшақ бортында 69 адам болған – ТЖМ ұшақ апатына қатысты тың ақпарат берді

Оның ішінде 42-сі Әзербайжан азаматы
Фото: видеодан скриншот
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті Авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бастығы Қайрат Жанаспаев Ақтау маңында құлаған Әзербайжан ұшағында 69 адам болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұшақ бортында 69 адам болған, оның ішінде 5 адам - экипаж мүшесі. Әзербайжан азаматы - 42, Ресей азаматы - 16, Қазақстан азаматы - 6, Қырғызстан азаматы - 3. ТЖМ командалық орталығының базасында республикалық штаб құрылды, оның құрамына ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі, Көлік министрлігі, Ұлттық ұлан, СІМ және басқа да ұйымдардың өкілдері кірді. Барлығы жеке құрамнан 287 адам және 65 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта 28 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде екі бала бар. Астана қаласынан Ақтау қаласына санитарлық авиацияның ұшуы жоспарланған. Оқиға орнына премьер-министрдің орынбасары, ТЖ министрі мен вице-министрі үкіметтік комиссия құрамында ұшып шығады деп жоспарланып отыр», - деді Жанаспаев.

Айта кетсек, бүгін Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 37 адам болған. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, апат орнынан 4 адамның мәйіті табылды, 7 адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Әзірге 28 адам аман қалғаны айтылды.


25 желтоқсан 2024 ж. 146 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930