Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел өзегі – мемлекеттік тіл

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

Аудан әкімдігінде облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл саясатының негізгі бағыттары мен көрнекі ақпарат мәселелері» атты облыстық семинар өтті.

Алқалы жиынға құқық қорғау және салық органдарының өкілдері, облыстық кәсіпкерлік және туризм, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының қыз­меткерлері, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері орынбасарларының, Қызылорда қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, кәсіпкерлер палатасының директоры, жарнама агенттіктерінің басшылары, өкілдері, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы, филолог-ғалымдар, тіл жанашырлары қатыс­ты.
Арнайы лед экран арқылы онлайн өткен семинарда «Өңірде мемлекеттік тіл саясатының іске асырылуы және көрнекі ақпарат мәселелері», «Мемлекеттік тілдің көрнекі ақпарат пен жарнама саласындағы қызметі», «Сырдария ауданындағы көрнекі ақпарат саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы», «Бақылау-кас­са машиналарының мемлекеттік тілде жүргізілуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы» тақырыптарда хабарламалар тың­далды.
Басқарма басшысы Руслан Каюпов жыл көлемінде ұйымдастырылған республикалық байқауда жүлделі орын иеленген Қазалы ауданындағы «Айерке» фотосалонының копирай­тері Жансая Пірім мен Қазалы ауданындағы №95 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Наталия Барковаға басқарманың Алғысхатын табыстады. Республикалық байқау жүлдегерлер жетекшісі Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Раиса Батырханқызы Тасыбаева.
Жиын соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Олар кәсіпкерлердің жарнама мәтіндерін алдын ала жергілікті әкімдіктермен келісу тәжірибесін қайта қолға алу жұмыстарын жандандыруды ұсынды.

Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
24 желтоқсан 2024 ж. 217 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30