Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салықтық тексерулер

Салықтық тексерулер

Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ҚР Салық кодексінің 145-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінетінін хабарлайды:
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер;
2) жоспардан тыс салықтық тексерулер.

Салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге қатысты тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер болып табылады.
Уәкілетті органның шешімімен бекітілген жартыжылдық график тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер тағайындауға негіз болып табылады.
Жоспардан тыс салықтық тексерулер болып өтініштер, шағымдар бойынша, таратуға байланысты, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген және т.б. негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер болып табылады.
Сондай-ақ ҚР Салық кодексінің 140 бабына сәйкес, салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады.
Г. Умирзакова, 
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы
20 желтоқсан 2024 ж. 155 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 120

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930