Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі
«Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер» туралы кодексінің 696-3-бабына сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін келесідей шарттарға сәйкес келген салық төлеушілер қолдануға құқылы:
-Салық кезеңінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайтын;
-Күнтізбелік жылдағы табысы 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын (яғни 2024ж. шамамен 3 692 х 600 000 = 2 215 200 000 теңгеден);
-Осы режимді қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешесін жүзеге асыра алады.
Экономикалық қызметтің жалпы тізбегі негізінен жеке тұлғалар үшін тауарларды сатуға және қызметтер көрсетуге бағытталған 364 қызмет түрі кіреді. Оның ішінде бөлшек сауда, автомобильдер, киім-кешек пен жиһазды жөндеу, ағаш өңдеу, сырлау және сылақ жұмыстары, жолаушы тасымалы, сондай ақ қоғамдық тамақтану және т.б. қызмет түрлері.
Ставкалары (696-3-бабының 4 тармақшасы).
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезең ішінде салық салу объектісіне мынадай мөлшердегі мөлшерлемені өз бетінше қолдану арқылы жүргізеді:
егер осы тармақтың үшінші абзацында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша – 4 %;
корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу үшін шығыстар сомаларын шегерімге жатқызу бойынша осы Кодекстің 3-2-тармағының нормаларын 242-бабы қолданатын салық төлеушілерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша – 8 %
Жергілікті мәслихаттар жекелеген салалар үшін мөлшерлемені 2 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Яғни, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлі артты. Мөлшерлемені реттеу арқылы белгілі бір саланың дамуына мүмкіндік береді. Бұл ретте жергілікті уәкілетті органдардың бөлшек салық ставкаларының мөлшерін 50 пайызға яғни, 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету мүмкіндігі бар (Қызылорда қалалық мәслихатының 30.06.2023 жылғы №45-5/1 санды шешімімен 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді).
Ал, ірі кәсіпорындардың салығын төмендету үшін дара кәсіпкерлерді пайдалануын болдырмау мақсатында шығыстарды сатып алушы шегерімге жатқызған кезде салықтың жоғары мөлшерлемесі белгіленеді яғни, бұл 8 пайыз.
Салық кезеңі (696-4-бабының 1 тармақшасы).
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Салық кезеңі (696-4-бабының 2 тармақшасы).
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей тапсырылады.
Салық есептіліктері.
913.00 нысанды «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін Декларация»
200.00 нысанды «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация».
Төлеу мерзімі (696-4-бабының 3 тармақшасы).
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
Төлеу мерзімі (696-4-бабының 3 тармақшасы).
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
Е. Қанатов,
Қазалы ауданы бойынша МКБ
«Салық төлеушілермен жұмыс»
бөлімінің басшысы