Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұл мерекенің маңызы зор, мәні ерекше – Ерлан Қошанов

Бұл мерекенің маңызы зор, мәні ерекше – Ерлан Қошанов

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Құрметті отандастар!
Еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – азаттықтың ақ таңы атып, ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы ақиқатқа айналған ақжарылқап күн. Тамыры терең қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғырып, дүние дидарында дербес ел ретінде еңсе тіктеген мерейлі сәті. Сондықтан да бұл мерекенің маңызы зор, мәні ерекше.
Тәуелсіздік ел тарихында жаңа дәуірдің парағын ашып, қоғамдық өмірге соны леп, тың серпін әкелді. Тарихымызды түгендеп, ұлттық санамызды жаңғыртты. Елдік рухымызды асқақтатты. Маңызы зор ауқымды бастамалар мен жүйелі жобаларға жол ашты. Осының арқасында Қазақ елі отыз жылдан астам уақытта жаһанда беделі зор, өзіндік нық орны бар, іргелі мемлекетке айналды.
Сол себепті де ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат». Оны барынша бағалау, көзіміздің қарашығындай сақтау және елдігімізді нығайту – ортақ парызымыз.
Қашан да қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, байтақ Отанымыздың болашағы жарқын болсын! Қабырғалы Қазақ елі дүние тұрғанша тұрсын!, – деді Мәжіліс спикері.

16 желтоқсан 2024 ж. 194 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930