Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады

Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады

Қазақстан экономикасын құрап отырған басым салаларда тағы ірі 17 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: primeminister.kz
Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға жүйелі күш салу қажеттігін баса айтып, терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өткен болатын.

Бұл жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелген. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтымақ.

Үкіметтің хабарлауынша, жобалар тізімі негізгі мына критерийлер бойынша таңдалған:
өнімді қайта бөлудің орташа және жоғары деңгейі;
экспортқа және импортты алмастыруға бағдарлану;
өндірілетін өнімге нарықтық сұраныс;
ел немесе аймақ экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығы – мультипликативті әсер.
Бұл жобаларға шамамен 15 трлн теңге инвестиция тартылып, 25 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Эколонмикалық жобалар сәтті жүзеге асса, экспорт көлемі 6 трлн теңгеге арттырып, импортқа тәуелділікті 1,5 трлн теңгеге дейін төмендеу жоспарланып отыр.

12 желтоқсан 2024 ж. 334 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 154

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 208

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 179

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 157

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930