Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңатаста өрттен қайтыс болған бес баланың ата-анасына пәтер берілді

Жаңатаста өрттен қайтыс болған бес баланың ата-анасына пәтер берілді

Өткен жұма күні Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында пәтерден шыққан өрт салдарынан бір үйдегі бес бірдей бала көз жұмған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қара жамылған Әбдімәліковтер отбасына көңіл айтып, тиісті көмек көрсетілетінін жеткізген еді. egemen.kz
 Президент тапсырмасына сәйкес, Жаңатас қаласындағы өрт салдарынан марқұм болған балалардың ата-анасына Жамбыл облысының әкімдігі тарапынан жан-жақты материалдық, психологиялық және дәрігерлік қолдау көрсетілді. Балаларды жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар өз мойнына алды. Сонымен қатар, балалардың ата-анасына демеушілер Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер алып берді.
Ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспананы қажетті жиһаз бен техникамен қамтыған.
Қоғамдық ұйымдардың, демеушілердің ұйымдастыруымен қаралы отбасына 3 миллион теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілер бір күндік жалақысын көмек ретінде аударатын болды.
 


23 ақпан 2021 ж. 2 739 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031