Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйымшыл ұжым – көпке үлгі

Ұйымшыл ұжым – көпке үлгі

Редакция болған соң күнделікті жұмыс орнымызға түрлі жандардың келіп, кетуі қалыпты жағдай. Оқырманмен тығыз байланыс жасап отырған ұжым мүшелері әрқайсысының айтар ойын тыңдап, тілегіне құлақ түреді. Күнделікті қарбалас жұмыс басталып кеткен сәт. Тілшілер отыратын кабинетке зейнет жастағы аққұбаша келген әйел адам кірді. Амандық-саулықтан кейін қонағымыз өзінің жуырда ғана ауруханадан шыққандығын, ондағы медицина қызметкерлерінің жұмысына деген жауапкершілігіне риза екенін жеткізді. Өзі жатқан жансақтау бөлімі, сала мамандарының ерен еңбегі туралы мақала жазуымызды сұрай келіпті.
Ақ жаулықты ананы адал дығымен тәнті еткен ақ халатты жандарға жолығып, бөлімінің жай-күйімен танысып қайтуға бел будық. Теміржол ауруханасының жан сақтау бөлімшесі 1995 жылы ашылған екен. Бөлімше ғимараттың екінші қабатында бір корпуста орналасқан. Штаттық реанимациялық төсек саны – 9, нақты – 5. Бөлімшені І санатты дәрігер, анестезиолог-реаниматолог Жасұлан Қуанышбаев басқарады. Жансақтау бөлімшесінде І санатты дәрігерлер Дастан Қалилаев, Бақытбек Төлегенов, Аманқос Бекеев. Бөлімшенің І санатты аға мейіргері Гүлсара Аханова, орта медициналық персонал І санатты Қаншайым Сейтмамбет, Орынша Маханова, Лидия Захар, ІІ санатты Фариза Шәкім, Руслан Нұрлан және Нұржан Өтеулі, жастар практикасымен Дамир Байсалбай еңбек етуде. – Бөлімшенің бейіні аралас, балалар, хирургиялық, неврологиялық, терапиялық бөлімше ретінде басқа бөлімшелермен өзара байланысты және сабақтастықты жүзеге асырады. 2016 жылы нейроинсульт бөлімшесі ашылды. Операция алдында дәрі-дәрмекпен дайындауды және операциялар, диагностикалық және емдік рәсімдер кезінде анестезия жүргізуді, сондай-ақ наркоздан кейінгі кезеңде науқастардың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілімдер бойынша реанимация және қарқынды терапия палаталарында науқастарға экстракорпоралдық детоксикация және гипербарикалық оксигенация әдістерімен ем жүргізіледі, – дейді бөлімше меңгерушісі Жасұлан Серікұлы. Жансақтау бөлімшесі заманауи аппараттармен жабдықталған. Бұнда өкпені желдетуге арналған «Drager Savina 300», «Drager Savina», «Drager Fabius Tiro» аппараттары бар. Балаларға өкпені желдетуге арналған «Aeomed» аппараты-УДЗ аппараты «DP6600», «Поток» балалар тыныс алу аппараты, анестезия және қарқынды терапия кезіндегі науқастың функционалдық жағдайының «MINDRAY РМ – 7000» және «Ordamed Primo i3», «MARS XM10» мониторы орналасқан. Балалар мониторы «ЭЛЕМА-НАМ 1» электроаспираторлар (сорғыштар), «YTEC ОМ-1» электр аспираторлары (сорғыштар)» пульсоксиметрлер «Pulse Oximeter» пульсоксиметр, «OXY500» функционалдық механикалық матрац, «Armed» ойылуға қарсы матрацтар, ПЕРФУЗОРЛАР (шприцті сорғылар) «SEP10» бар. Бұдан бөлек инфузиялық шприцті сорғылар DAIWHA DS3000, синхрондалатын дефибриллятор «ДФР-2» - ЭКГ аппараттарымен қамтамасыз етілген. Әрбір палата орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі жансыздандыру, реанимация және қарқынды терапияны толыққанды жүргізу үшін қажетті мөлшерде дәрідәрмектермен және инфузиялық құралдармен жабдықталған. – Бөлімшедегі барлық маман дарға алғысым шексіз. Бір апта жансақтау бөлімінде жаттым. Әуелі Алла екінші осы кісілердің емдомының арқасында отбасыма оралдым. Салтанат Қожағұлова, Рита Қазанғапова, Мира Нағашыбаева, Әдемі Айшева, Гүлзира Амангелді есімді тазалықшы қыздарға да ризамын, – дейді редакциямызға арнайы келіп, теміржол ауруханасының реанимация бөлімшесі ұжымына алғыс білдірген Әйтеке би кентінің тұрғыны Дәмегүл Күлмахан.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
03 желтоқсан 2024 ж. 156 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031