Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел жәрдем – жанқияр қызмет

Жедел жәрдем – жанқияр қызмет

Қазалы ауданында медицина саласын меңгеріп, оны абыроймен атқарып жүргендер баршылық. Олардың қатарында Айдар Шәкім де бар. Ол ақхалатты жан ретінде Қазалы теміржол ауруханасының жедел жәрдем бригадасында фельдшер болып, халыққа қалтқысыз қызмет етуімен ерекшеленеді.

Айдар Шәкім жастайынан дәрігер болуды аңсап, Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжіне «Емдеу ісі» бойынша фельдшер мамандығына құжат тапсырады. Ол мұнда дәрігерден кейінгі алғашқы көмекті қалай көрсету керектігіне қанығып шығады. №266 мектеп-лицейде жүргенде-ақ сынып белсендісі болған. Колледж қабырғасында да осы істі тоқтатпай, қоғамдық шараларға атсалысты. Медициналық оқу орнынан арнайы дипломын алып шыққан соң Қазақстан студенттер альянсының көшбасшысы болды. Көп ұзамай теміржол емханасында аймақтық фельдшер болып орналасты. Бір жыл тәжірибе жинап, жедел жәрдемде фельдшерлік қызметін атқарып келеді. Оның айтуынша, 4 бригадада Әмірхан Исламбек, Нұртас Кеңесов, Аманхан Қаршығаев және өзі 1 күн, 1 түн ауысыммен халыққа қалтқысыз көмек береді. Бір түнде 28-30 үйге шақырту жасалады. Негізі тұрақты 18-20 отбасына бару қажет. Бірақ індет кезінде 30-35 үйге дейін барып, алғашқы көмек көрсетілген. Қызмет кезінде жедел жәрдемдіктер басынан небір жайттар өтеді.
– Біздің қызметте әртүрлі жағдай болып тұрады. Мұндайда эмоцияға берілмей, салқын қандылық танытып, жедел шешім қабылдауға тиіспіз. Мәселен, бір сәт маған қатты әсер етті. Менің ауысымымда мүмкіндігі шектеулі жастың ата-анасы жедел жәрдем шақыртты. Лезде барғанымызда «Даунамен» сырқаттанатын науқасқа салқын тиіп, дене қызуы көтерілген себепті жедел жәрдемге жүгінгенін түсіндік. Үй жағдайында ем жасағанымен, оның жағдайы жақсармаған. Барлық алғашқы тексеру жұмысын жүргізіп, өкпесі қабынғанын анықтадым. Пульсопеометрия арқылы демалу сатурациясын бақылағанымда 68 процентке түскенін көрдім. Осылайша оны реанимацияға әкеліп жатқыздық. Ауруханада 22 күн ем алып, кейін Қызылордаға жіберілді. Бұлай ұзақ жатуының себебі – уақытылы дәрігерге көрінбей, дертін асқындырып алуында еді, – дейді Айдар Маратұлы.
Жас маманның қызметте денсаулық сақшылығы ретіндегі негізгі ұстанымы әр науқасқа өз жақынындай мән беру. Жедел жәрдем жұмысы адам баласын шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелей отырып, қателіктерді кешірмейтін мамандық. Әр саланың өз ауыртпашылығы мен жеңілдігі болса жедел жәрдем мамандығы да дәл солай. Жұмыстың жақсы нәтижесі науқастың көңілінен шығып, ем шара қолданып алғысын алу.
Оның мәлімдеуінше, сау адамның дем алу деңгейі 95 проценттен төмен болмауы тиіс екен. Осылайша аудан тұрғындарының алғысын алған медицина саласының маманы көпбалалы отбасына айналуды армандайды.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
30 қараша 2024 ж. 58 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031