Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Агросалада қарқын бар

Агросалада қарқын бар

Ауыл шаруашылығы – материалдық өндірістің ең маңыздысы. Халықтың несібесіне орай бұл жылы да Жер-ана диқаншылардың еңбегін зая кетірмеді. Биыл аудан бойынша жылдағыдай 17029 гектарға егін егілді. Күріш – 6200 гектар. Дәнді дақылдар – 6552, майлы дақылдар – 55, картоп, көкөніс, бақша – 2101, мал азықтық дақылдар – 8321 гектар.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картоп, көкөніс, бақша дақылдарын қосымша егу үшін – 146 гектарға (18 гектар картоп, 54 гектар көкөніс, 74 гектар бақша) ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты. Егін орағына – 285 дана ауыл шаруашылығы техникасы (42 комбайн, 29 жатка, 115 трактор, 40 жүк көлігі, 59 тіркеме) толық жөндеуден өтіп, егін жинау жұмыстарына қатысты.
Атап өту қажет, дала жұмыстарына қатысқан жатка мен комбайнның 26 данасы шетелдік заманауи техника қатарынан, яғни 8 Джон-Дир, 9 Класс, 8 Магдон және 1 Торум іске қосылды.
Егістікті сумен қамтамасыз ету үшін 334,0 млн.м³ су лимиті бөлініп, пайдаланылды. Осы жылы егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Аталған дақылдардан алынған өнім өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары.
Бұдан бөлек, 951 гектар көкөністен 13219 тонна және 32 гектар картоптан 384 тонна, 1118 гектар бақшадан 16211тонна өнім жиналды. Аудан бойынша күтімге алынған 6200 гектар күріштің әр гектарынан – 40,4 центнер өнім алынып, барлығы 25047 тонна астық ел қамбасына құйылды. 2023-2030 жылдарға арналған ротациялық кестеге сәйкес аудан бойынша 2025 жылы барлығы 17089 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 2025 жылдың егісі үшін 1870 тонна күріш, 31,8 тонна жоңышқа және 2 тонна мақсары 28 тонна жаздық бидай, 21 тонна арпа тұқымын дайындаса, 15 тонна сүрлемдік жүгері дақылы тұқымын сырт мекемелерден сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар келесі жылдың егісі үшін 2210 гектар сүдігер көтерілді.
Аудан көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітілді. Тиісті мекеме және ауыл шаруашылығы құрылымдары мен ауылдық округ әкімдіктеріне жолданды. Іс-шара жоспарына сәйкес аудан бойынша 700000 балық шабақтарын құтқару жоспары бекітілген.
Қазір шаруашылық құрылымдары тара­пы­­нан егістіктен 831000 дана құт­қарылды.
Статистика департаментінің мәліме­тіне сәйкес 2024 жылдың қаңтар-қазан айына ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі аудан бойынша – 19904,4 миллион теңге өнімі өндірілді.
Аудан бойынша мал басы соңғы жылдары айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, 2024 жылдың 1 қарашасына аудан бойынша – 50543 мүйізді ірі қара, 63276 қой, 43833 ешкі, 50326 жылқы, 13480 түйе, 5962 құс тіркелген.
Өндірілген мал шаруашылығы өнімдері бойынша осы жылдың 10 айында 4147,8 тонна ет, 7348,5 тонна сүт, 808,6 мың дана жұмыртқа, 9305 дана ірі тері, 13441 дана ұсақ тері өндірілді. Мал қыстату науқанына шамамен 101807 бас шартты мал басы түседі деп болжанды. Жоспардағы 108,0 мың тонна шөп, 7,2 мың тонна сүрлем, 27,0 мың тонна сабан және 23,0 мың тонна жем дайындалды.
2024 жылдың 10 айында агроөнер­кәсіптік кешені субъектілерінің мал шаруашылығы саласын дамыту мақсатында аудан бойынша барлығы 445,0 миллион теңге көлемінде субсидия берілген. Жыл басынан бері мал шаруашылығы саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы ұйымдары арқылы 332,0 миллион теңге несиеге 18 шаруашылық құрылымы 696 бас мал сатып алынды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 72 маманға 605 488,0 мың теңге қаржы қаралды. Көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмек 90 маманға 33228,0 мың теңге қаржы қаралып, осы жылдың мамыр айында 90 маманға 33228,0 мың теңге толық игерілді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қожаниязовпен 2024 жылдың 1 желтоқсан айына дейін мемлекет меншігіне қайтарылатын ауыл шаруашылығы жерлердің аудандар бөлінісіндегі жоспары бекітілді. Қазалы ауданы бойынша 10000 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылу қажет.
Қазіргі таңда 19 тұлғадан жалпы көлемі 6000 гектар болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Аудан бойынша 8149 гектар болатын 30 тұлғаның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланбай (игермей) отырғандығы анықталып, шара қабылдау үшін Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды. Департамент ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 338-бабына сәйкес айыппұл салып, 1 жылға нұсқама берілуде.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі бос жер учаскелерін аукцион арқылы сату бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына жарияланды. Нәтижесінде 104,2 гектар болатын 144 жер жер учаскесі аукцион арқылы сатылып беріліп, 52017193 теңге түсім түсірілді.
Аудан бойынша кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбай отырған 12 тұлға анықталды. Департаментке шара қолдану үшін жолданды. Департамент тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 338-бабына сәйкес айыппұл салып, 1 жылға нұсқама беру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек 8 жер учаскесі анықталып, дәлелдеме құжаттарын жинақтау жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша жердің бір бөлігін басқа мақсатта пайдаланып отырған 16 тұлға анықталды. Департаментке шара қолдану үшін жолданып, Департамент тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес, 3ай мерзімге нұсқама беру жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағында белгіленбеген жерден заңсыз саз, құм тасып, карьер қазудың алдын-алу мақсатында бөлім тарапынан рейд жұмыстары жүргізілді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
26 қараша 2024 ж. 32 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 32

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 28

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930