Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таланттарды түлеткен орталық

Таланттарды түлеткен орталық


«Даму» оқу орталығы өзінің ресми жұмысын бастағалы биыл тоғыз жыл. Жыл сайын 200-ден астам оқушыны білім нәрімен сусындатып, тоғыз жыл ішінде 4000-ға жуық оқушының білім деңгейін көтеруге көмектесті. Талай шығармашыл шәкіртті шыңдап, өнер бәйгесі мен білім бәсекелерінде топ жаруына мұрындық болды. Әлі де таланттылардың бойындағы дарынын ашуда жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Оқу жылының алғашқы айларынан бастап балалар әртүрлі конкурстар мен жобаларға қатысып, жүлделі орындар мен төс белгілер, медальдармен марпатталды. Атап айтар болсақ, «INTELUROK» жобасы, ХХІ ғасыр оқушысы халықаралық олимпиадасы, математикалық қашық­тықтан өткізілген республикалық олим­пиа­далар, «Bilim orkenieti» ұлт­тық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастырылуымен өт­кен Қазақстан Республикасының «100 үздік дарынды оқушысы» атанып арнайы төсбелгімен марапатталған оқу орталығынан тәлім алған шәкірттер жетерлік. Сондай-ақ бірнеше оқушы «Қазақстанның үміт артарлары» атты республикалық форумынан бірінші оран алып, арнайы куәлік, төсбелгімен және бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Жас математик» білімділер додасының жеңімпаздары болып медальдармен дипломдарға ие болды. Жыл сайын өткізілетін «Мағжан оқулары», «Абай оқулары», «Ілияс оқулары», «Мұқағали оқулары» тағы басқа мәнерлеп оқу сайыстарынан 1-7 сыныптар арасында бас жүлде, 1-2-3 ші дәрежелі дип­ломдарды «Даму» оқу орталығының озаттары қанжығаға талай мәрте байлады. «Қазақстан тарихы», «Әдебиет», «Қазақ тілі», «География», «Математика» пәндерінен ұйымдастырылған олимпиадалардан 1-2-3 ші дәрежелі дип­ломдарды иеленді. Ағылшын тілінен «Smart Distance Olimpiad» қашықтықтан ұйымдастырылған олимпиадаларда жүл­делі орындар алды. «1000 бала» зияткерлік орталығы ұйымдастырған 1-11 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайыс­тарынан, 5-11 сыныптар арасында онлайн тесттерден де жүлделі орындар иеленді. 0-4 сыныптар арасындағы «Зейін» зияткерлік орталығының жобасы әртүрлі тақырыптағы сурет байқауларынан бас жүлде, 1-2 ші орындармен марапатталды. «Bilim ainasy» ұйымдастырған республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған жас суретшілерге арналған конкурстардан 1-2-3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
– Орталық балалардың жан-жақты дамуына ерекше күш салады. Біліммен қатар өнерге баулиды. Түрлі байқауларға қатыстырып, тәжірибе жинақтауына, жеңім­паз атануына атсалысады. Бізге келген әрбір ата-ана баласының болашағын ойлап, үлкен сенім артады. Сондықтан ата-ана үмітін ақтау, оқушыларды дамыту біздің басты міндетіміз, – дейді орталық басшысы Бағлан Мнажадинова.
Орталық жұмысы нәтижесіз емес. A1 Beginner курсын аяқтап сертификатпен марапатталған шәкірттерде жетерлік. Қазақстан Республикасының «100 дарынды оқушы» атағын алып, төсбелгі иеленген оқушылар да орталықтың мақтанышы. Олардың есімі кітапқа жазылды. Балаларды білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар жыл сайын біліктілігін арттырып арнайы конкурстар мен жобаларға қатысып, белсенділік танытып отырады.
Орталық басшысы білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген педагогы – 2022» байқауында білікті ұстаз Бағлан Мнажадинова өзінің кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде танытып, топ жарса, Қазақстан Республикасы білім саласының «Жыл үздігі – 2024» төсбелгісімен марапатталды. Бірнеше мұғалім «Бүгінгі ұстаз таңы» ғылыми-әдістемелік журналына мақала жариялап, сертификат пен алғыс хат иеленді. «Bilim ainasy» ұйымдастырған республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған жас суретшілерге арналған конкурстарға оқушыларды белсене қатыстырғаны үшін орталық оқытушылары алғыс хат, құрмет грамоталарымен марапатталды. Оқушыларды «1000 бала» зияткерлік орталығы ұйымдастырған мәнерлеп оқу сайыстарына, біліктілікті бағдарлау мақсатында тесттерге қатыстырып, арнайы алғыс хат, құрмет грамоталарын алды. «Мағжан оқулары», «Абай оқулары», «Ілияс оқулары», «Мұқағали оқулары» т.б мәнерлеп оқу сайыстарынан 1-7 сынып оқушыларын қатыстырған ұстаздарға да алғыс айтылып, құрмет көрсетілді. Ағылшын және орыс тілі пәнінен 3-11 сынып оқушыларына арналған олимпиадаларға оқушы дайындаған мұғалімдер де марапат мінберінен көрінді. Шет тілі пәнінің мұғалімі Аяжан Бердібай «1Uchitelya.kz» VI республикалык пәндік олимпиадасында ағылшын тілі пәні бойынша женімпазы болып, 1 орынмен марапатталды. Халықаралық EF standard English Test (2024 год) English Level B2 ағылшын тілінен деңгейді анықтау конкурсының жеңімпазы. Ағылшын тілі пәні бойынша мұғалімдер арасында ұйымдастырылған республикалык, қашыктықтан ұйымдастырылған олимпиада жүлдегері. Бірнеше мұғалім «Ұстаз онлайн» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы. ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған журналға өз тәжірибесімен бөлісіп, педагогикалық материал ұсынғаны үшін, серификат және алғыс хатпен марапатталды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
19 қараша 2024 ж. 63 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 66

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930