Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын ғажабы көп,
Ұрылмаған, соғылмаған азабы жоқ.
Адам болып келген соң, адал болып,
Қалу керек қарапайым қазағы боп
Өмір керек ластанбаған, түтіні жоқ,
Сылап-сипап жүретін күтімі көп.
Таза ауа мен таза жер тәнге жақсы,
Қалсын деймін бұл өмірде бітімі боп.
Жастарың бар жарысқан ағынымен
Құмар ойнап, қураған қағынып ер.
Ерлерің бар еріп алған есірткіге.
Есі кетіп жатыр әр жерде табылып ел
Қыздарым бар қаңғыған қара түнде
Қара көздер, түзеліңдер қарап елге
Жаман жолға түсіп-ап жүрмеңіздер,
Адал өмірден адасып, арам өлме
Алыстап жүр арақ пен шылымнанда
Сыйы қалмас, сақтаған сырыңнан да.
Наша шегіп, нашар адам болып кетпе
Ұят кетіп жүрмесін ұлыңнан да.
Түсу оңай біреу қазған орынада,
Көлденеңнен тұру қиын жолынада
Бірақ адам болам деген арың болса,
Ешкім сені қамай алмас торынада.
Ал мен айттым өзімше замандасым,
Біліп тұрып айталмай қалалмаспын.
Түрім айтты демеңдер, тілім айтты.
Қызыл тілім жүзіндей ақалмастың.
Мен қалаған өмір солай жарқын болсын,
Ұл мен қызым сақтаған салтың болсын.
Сақтансаң сақтаймын деген – Алла,
Көрген күміс, ұстаған алтын болсын!

Наз ШАХМЕРДЕН,
Тасарық ауылындағы №238 орта мектептің 10 сынып оқушысы
09 қараша 2024 ж. 95 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 118

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930