Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық сақтандыру қоры төлейтін ең қымбат қызметтер аталды

Медициналық сақтандыру қоры төлейтін ең қымбат қызметтер аталды

Медициналық сақтандыру қоры төлейтін ең қымбат қызметтер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com

2024 жылы Алматы тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында 1156 түрлі консультациялық-диагностикалық қызмет алған. Биылғы жылдың алғашқы 9 айында бұл қызметтер үшін Медициналық сақтандыру қоры шамамен 18,1 млрд теңге жұмсады деп хабарлады қордың Алматы қалалық филиалы.

Қала тұрғындары арасында ең көп сұранысқа ие маман – акушер-гинеколог. Сондай-ақ офтальмолог, невропатолог, хирург, отоларинголог және эндокринолог қызметтері де жиі қолданылатындар қатарында.

МӘМС пакеті аясында азаматтар қалқанша безді ынталандыратын гормонды (ТТГ), D дәруменін, бос тироксинді (Т4) анықтауға, жатыр мойны жағындысына цитологиялық зерттеу жүргізуге, ПАП сынамасы мен гемокульт сынамасына талдау тапсыруға мүмкіндік алады.

Ең қымбат талдау – ПТР әдісі арқылы ісік тінінің биопсиясынан KRAS генінің мутациясын анықтау болып табылады. Бұл сынақ глюкозаға төзімділік бұзылған жағдайда және қант диабетін ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. МӘМС пакетінде мұндай талдау шамамен 108 мың теңге тұрады.

Алматылықтардың мемлекеттік сақтандыру жүйесі бойынша алған ең қымбат қызметі – MARS жасанды бүйрек аппаратының көмегімен альбуминді диализ жасау. Оның құны 2,1 миллион теңге.

Компьютерлік диагностиканың ішінде ең қымбаты – бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография. Мұндай зерттеудің құны Медициналық сақтандыру қоры үшін 87 мың теңге.

Салалық мамандардың айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін сақтандырылған азаматтар арасында компьютерлік томография (КТ) және магниттік-резонанстық томографияға (МРТ) сұраныс өсті. 2024 жылдың алғашқы 9 айында 594,8 млн теңгеге 35 мың компьютерлік томография және 686,8 млн теңгеге 48 мыңнан астам МРТ жасалды.

Еске салсақ, шетелге кеткен қазақстандықтар бұдан былай МӘМС арқылы дәрі-дәрмек ала алмайды.
12 қараша 2024 ж. 60 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031