Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер ауа райының бұл ерекшелігін ескеруді ұсынады
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com
10 қазанда еліміздің жеті бірдей қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) қалыптасады. Синоптиктер қала тұрғындарына көшеге шығуды жоспарлағанда ауа райының бұл ерекшелігін ескеруді ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Мамандардың дерегінше, 10 қазанда Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды қалаларында және түнде Жезқазғанда қолайсыз метеожағдай болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз — жер бетіне жақын ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді табиғи факторлардың (желсіз тымық ауа райы, баяу соққан жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, ол адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ауаның ластану деңгейін анықтайтын басты факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.
Мұндай қолайсыз метеожағдай кезінде мына кеңестерді ескерген жөн:
  • ашық ауада, әсіресе автожолдар мен өзге де ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеу; балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартқан дұрыс;
  • өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда жанына қажетті дәрі-дәрмегін ала жүруі тиіс;
  • ашық ауадағы дене белсенділігін шектеу, спортпен және дене шынықтырумен жабық кешендерде айналысу ұсынылады.



10 қазан 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031