Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалам ұшындағы ғалам

Қалам ұшындағы ғалам


Аудандық оқушылар Үйінде Қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай «Қалам ұшындағы ғалам» атты халықаралық суретшілер симпозиумының көрмесі өтті.
Заңғар жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің есімі ұлт тағдыры мен адамның ішкі әлемін эпикалық деңгейде суреттеген шебер ретінде мәңгі есте қалады. Оның шығармашылығы арқылы ұлттық әдебиет әлемдік кеңістікке қанат жайып, қазақтың болмысын шет елдерге танытты. Айдынды Арал өлкесі ұлы тұлғаның есімін ұлықтап, туған елінде 100 жылдық мерей тойын дүркіретіп тойлауда.
100 жылдық мерей той бағдарламасы аясында халықаралық суретшілер симпозиумына қатысушы суретшілер заңғар жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туған жеріне саяхат жасап, Әбенің шығармаларында айтылған жерлерімен танысып, шығармашылық шабытпен өміршең өнерді дүниеге әкеліп, бүгін бізге тарту етті. Сонымен бірге, кәсіби суретші ағаларымыз біздің жас суретшілеріміз бен олардың ұстаздарына шеберлік сағатын өткізіп, өз тәжірибелерімен де бөлісті.
Шығармашылығы уақытпен, ежелгі әдет-ғұрып, салт-санамен, бабалардың рухани сабақтастығымен, экологиялық мәселелермен, Арал тағдырымен тығыз байланысты Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халықаралық «ТҮРКІСОЙ» ұйымы сыйлығының иегері Қайырбай Зәкіров Аралға арнайы келіп, көрмеде сөз сөйледі.
Суретішілер айдынды өлкенің киелі орындарын аралап, тағдырлы мекеннің тарихымен танысып шықты. Көргенін көркем туындыға айналдырған ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, Астана қалалық суретшілер одағының төрағасы Өмірәлі Исмаилов, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Оразбек Есенбаев, Өзбекстан Суретшілер одағының мүшесі Нортойлок Диеров, Республикаға белгілі кескіндемеші Жандарбек Сугуров, Орал Суретшілер одағының төрағасы Қайыр Оразғалиев, Қырғызстанның белгілі суретшісі Чынгыз Ормонбеков, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Берік Бөкешовтер ерекше еңбектерімен тәнті етті.
«Бұл – өгей қалған өнер еді. Қазақстан бойынша Арал Халықаралық суретшілер симпозиумын ұйымдастырып жатқан алғашқы ауданның бірі. Өнерді түсіну үшін үлкен парасат пен пайым һәм жүрек керек. Суреткер жазушы Ә.Нұрпейісовтің мерейтойына суретшілерді шақырып, көрегенділік танытқан Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа, Арал ауданының әкімі Аманжол Сақыпұлына айрықша алғысымызды айтамыз» деді одақ төрағасы Ө.Жұбаниязов.
08 қараша 2024 ж. 38 0

Әбе әлеміне енген шуақ

08 қараша 2024 ж. 32

Қалам ұшындағы ғалам

08 қараша 2024 ж. 39

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930