Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Испанияда төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

Испанияда төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

Фото: BBC
Испания үкіметі елде төтенше жағдай режимін енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл шара елдің Европалық ынтымақтастық қорынан көмек алу процесін жеделдетуге ықпал етеді деп күтілуде. Испанияның премьер-министрі Педро Санчес қыркүйек айындағы ғасырдың ең ауыр су тасқыны деп танылған апат салдарынан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіруге қаржы сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
«Мен қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін білемін. Ресурстардың жетіспеушілігінен, қызметтердің бұзылуынан, балшық астында қалған қалалардан, жақындарын іздеп жүрген тұрғындардың жағдайынан хабардармын. Біз жұмысымызды күшейтуіміз қажет, барлығымыз бірігіп әрекет етуіміз керек екенін білемін», — деді Санчес өз сөзінде.
Валенсия аймағы стихиядан ең көп зардап шеккендіктен, үкімет бейбіт уақытта алғаш рет ауқымды әскери қызметті іске қосты. Осы өңірге қосымша 10 000 әскери қызметкер жіберілді. Қазіргі таңда із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар суға батқан көліктер мен ғимараттарды тексеруде.
Соңғы деректер бойынша, апат салдарынан қаза тапқандар саны 211 адамға жетті.
03 қараша 2024 ж. 387 0

Доллар тағы арзандады

23 қаңтар 2026 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031