Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жыл сайын жүзден астам әскери ұшқыш даярланады

Елімізде жыл сайын жүзден астам әскери ұшқыш даярланады

Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform
Биыл Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының құрылғанына 50 жыл толды. Орталық Азиядағы әскери ұшқыштарды даярлайтын жалғыз оқу орны Ақтөбе қаласында орналасқан.

«Біздің институт 7 мамандық 15 біліктілік бойынша әуе қорғанысы күштері мамандарын даярлайды. Олардың қатарында әскери авиация, яғни ұшқыштар, әскери медицина және әскери теңіз күштері бар. Курсанттар 4 жыл оқиды, сол білім алып, практикалық тұрғыдан шыңдалады. Курсанттар МИ-8 тікұшағынан бөлек L 39, FK 14, TL 2000, L 410 ұшақтарында біліктілігін іс жүзінде арттырады», - деді Әуе қорғанысы күштері әскери институты бастығының оқу-ғылым жөніндегі бірінші орынбасары, подполковник Сәбит Куртаев Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен өткен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.

Ұжымдық қауіпсіздік келісімі аясында әуе қорғанысы күштері әскери институтында елімізден бөлек Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен курсанттар оқып, әскери ұшқыш мамандығын меңгеріп жатыр.

ұшқыш
Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform
«Курсанттар тегін оқиды, бірақ оқуды бітірген соң келісім бойынша әуе қорғанысы күштері саласында 10 жыл қызмет етуге міндетті. Сонымен қатар курсанттарға жоғары оқу орнын тәмамдаған соң лейтенант шені беріледі. Ең бастысы курсанттар 100 пайыз жұмыспен қамтылып, әскерилерге тиесілі әлеуметтік қолдау көрсетіледі», - дейді ол.

Әскери ұшқыш болғысы келетін талапкерлер үш кезеңнен тұратын сынақ тапсырады. Алдымен жасөспірімнің психологиялық жай-күйі тексеріледі, екінші физикалық дайындығы (спорттық норматив тапсырады) және соңғысы ҰБТ-дан жинаған балы есепке алынады (кем дегенде 50 балл).

ұшқыш
Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform
«Біздің институт 50 жылдың ішінде 5 мыңнан астам түлекті ұшырды, жылына шамамен 100-ден астам маман даярлаймыз», - дейді подполковник Сәбит Куртаев.

Оның айтуынша, әскери ұшқыштар мемлекеттік тапсырыс бойынша даярланады. Сондықтан да келісімшарт бойынша кемінде 10 жыл әуе қорғанысы күштерінде қызмет етуі тиіс. Келісім мерзімі біткен соң азаматтық авиацияда ауысу мүмкіндігі бар.

ұшқыш
Фото: Дәулет Ізтілеу/Kazinform

23 қазан 2024 ж. 89 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930