Атлант мұхитында «Оскар» дауылы «жолға шықты»
NASA
Ал өткен аптада Флориданың орталығында болған «Милтон» дауылы сақтандыру төлемдерін шамамен 36 миллиард долларға жеткізді. Бұл жөнінде Financial Times хабарлады.
Мамандардың айтуынша, оның ең үлкен жылдамдығы сағатына 160 шақырымнан асқан.
Дауыл шамамен 125 үйді қиратып, электр желісін жаппай үзген. Салдарынан 2,6 миллионнан астам адам жарықсыз қалды.
Апат алдында 5 миллионнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ал дауылмен бірге жүретін торнадолар жүрген жолын жайпап өтті.
Кем дегенде 27 торнадо тіркелген. Ең қатты зардап шеккен аудандардың қатарында Флориданың шығыс жағалауында орналасқан Сент-Люси округі болды. Онда бірден оннан астам торнадо жүріп өткен.
Достарыңмен бөліс
АҚШ-тың Ұлттық дауыл орталығы Атлант мұхитында «Оскар» дауылы пайда болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Орталық мәліметіне сүйенсек, «Оскарға» қатысты жел екпінінің қуаты 36 м/с. Дауыл батысқа қарай 19 км/сағ. жылдамдықпен жылжып келе жатыр.
Дегенмен табиғи құбылысқа байланысты елде дауылды ескерту жарияланған жоқ.