Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияға сұрапыл дауыл жақындап қалды

Германияға сұрапыл дауыл жақындап қалды

Германияның солтүстігіне «Иления» дауылы жақындап қалды, елде жоғары дайындық режимі сақталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.
Неміс метеорологиялық қызметінің (DWD) деректеріне сай, Германияның солтүстігіндегі Гарц тауының шыңында сағатына 152 километр жел тіркелді. DWD Солтүстік Рейн-Вестфалия және Мекленбург-Алдыңғы Померанияда қатты жел туралы ескерту жасады. Онымен қоса, Шварцвальд сияқты Оңтүстік Германияның таулы аудандарында да ауа райының нашарлайтыны хабарланды. Метеорологиялық қызметтің болжамына сай, Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы Зауэрланд пен Гарцта жауын-шашын толассыз жаумақ. Биік орындары Берлин мен Гамбург сияқты ірі қалаларда саябақтар мен ормандарға барудан бас тартуға шақырды. Ел бойынша өрт сөндіру қызметтері апат болған жағдайда жұмысқа кіруге әзір. «Дауыл Германияның солтүстік-батысынан басталып, оңтүстік-шығысына қарай елдің орталығына дейін жылжиды», - деп түсіндірді DWD метеорологы Адриан Лизер. Германияның Deutsche Bahn теміржол қызметі Twitter-де ауа райының нашарлауы салдарынан пойыздардың кешігіп жатқанын хабарлады. Lufthansa әуе компаниясы да өз сайтында ұшақтардың кешігуі туралы хабарлап, жолаушыларды сапар алдында рейс кестесін қадағалауды шақырды. Германияның халқы көп Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінде мектептер жабылды. Төменгі Саксонияда да сабақ болмайды.

17 ақпан 2022 ж. 495 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 112

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 126

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930