Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әке жолын жалғаған бауырлар

Әке жолын жалғаған бауырлар

1995 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осының негізінде 19 қазан – құтқарушылар күні болып белгіленді.

Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті адам өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты миссия. Халықтың бейбіт өмірі, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеуде сала мамандарының басты парызы. Апат айтып келмейді. Тосыннан болған оқыс оқиға кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқару­шылары. Оған үлкен жүрек, машық, білім мен білік және тәжірибе керек. Осындай кез келгеннің қолынан келе бермейтін жауапкершілік жүгін арқалаған азаматтардың жұмыс күні қалай өрбейтіні кім-кімді де қызықтырмай қоймайды. Қиын саланың қыр-сырына қанық жандардың қатарында Қазалыдағы 9 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Сүлеймен де бар. Әлібек Жасаралұлы 2014 жылы Көкшетау техникалық институтына түсіп, 2018 жылы бітіріп, алғашқы еңбек жолын Арал қаласындағы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде аға инженер болып бастады.
2019 жылы Қазалы ауданы 9 өрт сөндіру бөліміне қарауыл бастығы лауазымына ауысты. Қазіргі таңда аталған бөлімде бөлім бастығының орынбасары лауазымында.
– Әкем Жасарал Жанділлаұлы 1993 жыдан бастап осы салада жұмыс жасаған 2019 жылы Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен зейнетке шыққан. Бала кезден әкеміздің жұмысын көріп өстік. Өсе келе өрт сөндіруші болам деген арманның жетегімен жоғары оқу орнында білім алдым, – дейді ол.
Әлібектің бауыры Бейбарыс Жасаралұлы 2022-2023 жылдар аралы­ғында Қазалы ауданы 9 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушы лауазымында қызмет атқарып, 2023 жылы Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсті. Қазіргі таңда 2 курс курсанты. Болашақта осы салада әке жолын қуып, ағасы секілді білікті маман болдуы көздейді.
Өрт сөндіру бөліміндегі жұмыс күні қызу тірлікпен басталады. Егер белгілі бір жерде тілсіз жаудың ұшқыны шықса, ең бірінші қоңырау дабылы осы мекемеге түседі. Арнайы тұтқада отырған кезекші диспечер оқиға болған орынды анықтап, жақын маңдағы өрт сөндіру көлігін жіберуді жедел қолға алады. Лаулаған оттың көп аймақты шарпымағаны анықталса бір ғана көлік жетіп барады. Себебі, тонналап су тиеген бір көліктің күші жалынның бетін қайтаруға қауқарлы. Үй, қойма, зауыт секілді үлкен ғимараттар мен орманды алқаптар өртене бастаса көптеген көліктер, сонымен қоса өзге де қауіпсіздік техникалары жөнелтіледі. Дабыл қоңырауы түскен жерге бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер ең бірінші арнайы құбыршекті жақын маңдағы су ағатын құбырларға болмаса көліктің су сақтайтын бөлігіне қосады. Қызыл жалынның беті қашан қайтатынын ешкім білмейді. От ортасында қалып қойған жандарды құтқару үшін өрт сөндірушілер лаулаған жалынға кіруге тура келеді. Осы тұста өрт сөндіруші болу үшін ең бірінші сіз детектив секілді жұмыс жасай білуге машықтанған маңызды. Қайда бара жатқаныңызды, қандай құжаттарды алу керегін және қандай алғашқы көмектерді жасау керек екенін білу басты міндетіңіз. Бойдағы шыдамдылық пен күш-қайраттың да құтқару шаралары кезінде маңызды рөл атқаратыны анық.
– Бұл мамандық иелері мынадай қағидалардан сүрінбей өтуі тиіс. Номативтерді жақсылап тапсыру, шыдамды әрі күшті болғаныңыз дұрыс. Кейде, биік ғимараттардан тек заттар ғана емес адамдарды да түсіруге тура келеді. Сондықтан, қандай күш керектігін бағамдай беріңіз. Арнайы техниканың барлық қыр-сырын меңгеру керек. Алғашқы көмек көрсетудің жолдарын білу маңызды. Өз денсаулығыңыздың үнемі бақылап отыру қажет, – дейді Әлібек Сүлеймен бізбен әңгіме барысында.
PS: Қай уақытта болсын құтқарушы мамандығының мәртебесі биік. Өйткені, олар адам өмірін құтқарумен айналысады. Су тасқыны, өрт, түрлі апаттар, тіпті қарапайым тұрмыстық жағдайларда орын алатын тосын оқиғада ең бірінші құтқарушылардың көмегін сұраймыз. Лаулаған оттың ортасына кіреді, қансыраған адамды құтқарып, қатыгез қыстың аязында қалғандарға қолұшын созады. Алайда, олар мұны ерлік деп есептемейді. Күнделікті қызметіміз деп қарайды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
19 қазан 2024 ж. 142 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930