Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтқарушы – халық қорғаны

Құтқарушы – халық қорғаны

19 қазан – Қазақстан құтқарушылар күні. Бұл сала мамандарынан өзгерлерді өлімнен арашалау мен өз өміріне қауіп төніп тұрса да үлкен ерлік пен жігерлілік талап етіледі. Ал мұндағылар тірлігі қандай құрметке болмасын лайықты.
Биыл төтенше жағдайларға қарсы қызметтің құрылғанына 25 жыл толды.Осы жылдар аралығында Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша тиімді жүйе құрылды. Құтқарушылары мен өрт сөндірушілер халықтың қауіпсіздігін сақтауға барынша күш салып келеді.
Бүгінде азаматтық қорғаныс саласында адам өмірі мен мүліктік құндылықтарды аман сақтауда кез келген қауіп-қатерден тайсалмай, ел мүддесі жолында көптеген адамдар еңбек етуде.
Соған сәйкес дүйсенбі күні төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытып, нығайтуға, сондай-ақ бейбіт өмірдегі оқыс жағдайларда аумақты және халықты қорғау бағытында зор үлес қосып келе жатқан азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерін марапаттау шарасы өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев сөз алып, кәсіби мереке иегерлерінің дендеріне саулық, шаңырақтарына құт-береке тіледі.
–Құтқарушы мамандығы – жер бетіндегі ең қиын және абыройлы кәсіптің бірі. Бұл кез келгеннің қолынан келе бермеуі мүмкін. Өйткені оған мықты жүрек, машық және тәжірибе керек, – деді.
Айта кетейік кәсіби мерекеге орай бірқатар азаматтар марапатталды. Атап айтсақ, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен «ІІІ дәрежелі Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Алтынбек Қалиев пен Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Дархан Шакен және төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Шапағат Ермекбаевқа берілді.
Сондай-ақ бұл қатарда ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен «ІІ дәрежелі Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен көзге түскен Қазалы ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Алмабек Ерқабылов та бар.
Мұнан бөлек басқа да мекеме қызметкерлері Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының және аудан әкімінің Алғыс хатын иеленді

Абзал ЖОЛТЕРЕК
24 қазан 2020 ж. 1 432 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930