Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шолпан анаға шаңырақ сыйлады

Шолпан анаға шаңырақ сыйлады

Өркендеу ауылдық округі әкімі аппараты жанынан құрылған «Жанкент жастары» ұйымының ұйытқы болуымен игілікті іс қолға алынды. Бұған дейін жанкенттік жігіттер мен ауыл тұрғындарының атсалысуымен алғашқы баспана кілті зейнеткер ұстаздарға табысталған еді. Жуырда қайырымды жандардың қолдауымен екінші баспананың кілті өз иесіне берілді. Қарт ана Шолпан Жаппарберген құлау қаупінде тұрған ескі үйінен жаңа баспанаға қоныс аударды.

Баспана тапсыру рәсіміне тұрғын үй қаражатын жинақтаушы «Жанкент жастары» ұйымының төрағасы Талап Мурзалиев, ауыл әкімшілігінің бас маманы, ауыл ақсақалдары және ақ жаулықты аналар, жанкенттік жігіттер мен жастар қатысып, көпке ұйымшылдықтың үлгісін танытты.
Көңіл қуантар сәулелі сәтте ауыл ақсақалдары Жәми Жаңбыршиев, Жақсы­мұрат Өтегенов, Көмекбай Бөлекбаев, Сағидулла Жаңашов жақсылық жасауға жарыса кіріскен баршаға алғыс айтып, Шолпан ананың жаңа шаңырағында тек шаттық пен қуаныш болсын деп тілек білдірді. Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанболат Тлеужанов жанашыр жастардың бастамасын халық әрдайым қолдап, тілектестік танытып отырғандығын тілге тиек етті.
Одан әрі сөз тізгінін алған ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Несібелі Нұрадин, ақ жаулықты аналар Кеңескүл Байтөреев, Бекзия Алдан, Балқаш және №5 «Аққоян» бөбекжай-балабақшасы ұжым атынан Амангүл Өтепбергенова өскелең ұрпақтың өнегелі ісіне ризашылықтарын білдірді. Шолпан ананың шаңырағында ас беріліп, әруақтар рухына хатым етілді.
Қайырымдылық шарасына ауылдың 1972-2003 жылдар аралығында дүниеге келген азаматтары ат салысты. Бұған дейін зейнеткер ұстаздар Берік Ұзақов пен Зибагүл Айқожеваға баспана кілті табысталды. Бұндай бастаманың басы-қасында болып, көпті береке-бірлікке шақырып жүрген ауылдық жастар ұйымының төрағасы Талап Алтынбекұлымен әңгіме барысында:
«Мұрындық болып жастардың бастамасына қолдау көрсетіп жүрген, ауыл әкімі Қожахмет Қуанғали, Бүркітбай ата ұрпақтары, №104 орта мектебінің ұлағатты ұстаздары, Жанкенттің жасампаз жігіттері мен белсенді азаматтары бастаған топ өкілдері Едіге Дабылов, Дархан Тілеулиев, Жанболат Тлеужанов, Әділбек Азақов, Еркін Нысанов, Шыңғыс Еңсепов, Талғат Тотаев, Ақниет Дабылов, Еркебай Медетов, Нұрбол Ілиясов, Нұрбол Жаңашов, Болат Қоянбаев, Болат Әбжәлиев, Айболат Түймебаев, Дулат Абзалов, Ербол Ізтілеуов, Қуаныш Тілегенов, Асылхан Әбилаев, Құрал Қайбрахманұлы, Берікбол Қуанғали, жастар – Мұстафа Бөлекбаев, Азамат Қаруов, Жәнібек Жарқынбекұлы, Ерлан Сайлыбекұлы, Нұрдәулет Әсен, Тілеухан Тұрмахан, Әйбек Салмырза, тағы басқа азаматтар қолдау көрсетті. Жаңа баспанаға қоныс аудару кезінде Қанат Қойшыбайұлы, Рахат Жасқанат, Тұрар Қайбрахман сынды азаматтар өз ықылас-ниетімен қолдау көрсетті. Баршаға алғыс айтамын. Игілікті іс әлі де жалғасын табады деп сенемін, – деді.
Баспананың ішінің жөндеу жұмыстарын Өркен Жартыбаев жасаса, сыртқы аула тазалығына «Жанкент жастары» ұйымының мүшелері Асылжан, Жарасқан, Жадырасын, Нұрберген, Бақтияр, Ермұхамет, Қанат, Нұртас, Ислам үлес қосты. Әктеу, сырлау, бояу жұмыстарына және Құдайы астың азық-түлік асын таратуда аналар Надежда Қалай, Күлпаршын Қалхаман, Ғалия Сүгірова, Жадыра Мусаева, Гүлдана Атағұлова, Ләззат, Маржан, Балжан белсенділік танытты.
Қуаныштан жүзі нұрға бөленген Шолпан ана жұртшылыққа жүрек жарды лебізін білдірді. Шара соңында ауыл ақсақалы Жәми Жаңбыршиев ақ батасын беріп тарқасты.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
19 қазан 2024 ж. 155 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930