Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектепте ақша жинау мәселесіне ерекше назар аударылмақ

Мектепте ақша жинау мәселесіне ерекше назар аударылмақ

Фото: ашық дереккөз
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мектептегі жемқорлықтың алдын алу туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЫЙЫМ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының екі мыңнан астам басшыларының, аумақтық департаменттер өкілдерінің қатысуымен кеңес өткен.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бақылау іс-шараларын ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау бойынша жан-жақты түсініктемелер алған. Білім беру ұйымдарының аумағында әртүрлі сылтаулармен заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы шеңберінде педагогтердің кәсіби қызметіне байланысты бұзушылықтарға ерекше назар аударылған.

Еске салайық, педагогтерді кәсіби қызметіне сәйкес келмейтін жұмыстарға тартуға, сондай-ақ оларға тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндетін жүктеуге тыйым салынады. Осы нормаларды бұзу қолданыстағы заңнама шеңберінде жауаптылыққа алып келеді. «Беру процесінің әрбір қатысушысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал ете отырып, адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсетуі тиіс. Осы қағидаттарды мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығына назар аударамыз және педагогтерді, білім беру ұйымдарының басшыларын сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың кез келген жағдайлары туралы хабарлауға шақырамыз, – деді комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

15 МЛРД ТЕҢГЕ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері анықталған кезде аумақтық департаменттерге немесе Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 нөмірі бойынша дереу хабарлау ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, білім беруге бөлінген қаражатты жымқырудың жолын кесу мақсатында Оқу-ағарту министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Жол картасын» іске асыруда. Нәтижесінде мемлекет қазынасына тиісінше жұмсалмаған 15 миллиард теңге қайтарылған.
13 қазан 2024 ж. 174 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 140

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031