Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанды адам өлтіру неге жиілеп кеткенін министрлік түсіндірді

Қазақстанды адам өлтіру неге жиілеп кеткенін министрлік түсіндірді

Қазіргі таңда тіркелген қылмыстар саны 8 мыңға азайды. Былай қарасаңыз, бұл үлкен сан. Адам өлтіру бойынша 32 фактіге өсіп тұр. Қазақстанды адам өлтіру неге жиілеп кеткенін министрлік түсіндірді.

Ішкі істер вице-министрі Айдос Рысбаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне адам өлтіру статистикасы неге өсіп кеткенін түсіндірді,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Біз тоқсан сайын, ай сайын әр жұмыстың нәтижесін қорытындылаймыз. Қазіргі таңда тіркелген қылмыстар саны 8 мыңға азайды. Былай қарасаңыз, бұл үлкен сан. Адам өлтіру бойынша 32 фактіге өсіп тұр. Бірақ адам өлтіру статистикасының 22 факт ішінде адам өлтіруге оқталу ретінде сараланып отыр. Яғни, адамдар тірі қалған. Бірақ дене жарақаты ауыр болғаннан кейін кісі өлтіруге оқталу болып тағайындалады. Нақты адам өлтіру саны тек 10 фактіге ғана көбейіп тұр», - деді ол.
Айдос Рысбаев мұның себебі былай түсіндірді.

«Адамның мәйіті табылады, мәйіт табылғаннан кейін біз қылмыстық іс қозғаймыз. Қылмысты жасыру болмас үшін не себепті қайтыс болғанын анықтау үшін «адам өлтіру» бабымен іс қозғаймыз. Қазіргі таңда адам өлтіру көрсеткіші былтырғы санмен бірдей. Сондықтан біздің тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ», - деп түйіндеді вице-министр.
18 қазан 2024 ж. 65 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930